«Астық дәлізі келісіміне» Стамбулда қол қойылды

Апталық Анализ – 49

1864351
«Астық дәлізі келісіміне» Стамбулда қол қойылды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның табанды талпынысы, әрі Украина, әрі Ресей тарапындағы абыройы нәтижесінде «Астық дәлізі келісіміне» 22 шілдеде Түркия, Ресей, Украина және БҰҰ арасында Стамбулда қол қойылды. Түркияның үй иесі болуымен қол қойылған келісім арқылы «Жаһандық Азық-түлік қауіпсіздігі» тұрғысынан маңызды бір қадам басылды.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның осы тақырыпқа байланысты бағаландыруын ұсынамыз.

Ресейдің 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға бастаған жаулап алу талпынысынан кейін Украинаның Қаратеңіз кемежайларындағы көптеген жүк кемесі қамалып қалды. Ресей Одесса қаласын қамтыған Украинаның кемежайларын қоршап алғандықтан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне ауыр қатер төнді. Украина кемежайларында күтіп қалған миллиондаған тонна дәнді дақылдың экспорт жолы жабылды. Бұл жағдай әрі осы өнімдерге қол жеткізуді шектеді, әрі азық-түлік бағасын жылдам өсіріп, әсіресе кедей елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етті.

Осы тұрғыдан Түркия президенті Ердоған ұзақ уақыттық табанды дипломатиялық байланыстар жүргізу арқылы Түркияның қолдауымен Украина мен Ресейдің басын қосып, азық-түлік дәлізін қалыптастыру үшін талпынды. Нәтижеде бір келісімнің жасалуына себепші болды.

Украина кемежайларында күтіп тұрған дәнді дақылдарды тасымалдауға бағытталған «Украина кемежайларынан астық пен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіз тасымалдануы бастамасы құжатына» президент Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш қатысқан рәсіммен 22 шілдеде Стамбулда қол қойылды. Осы келісімге сай айлардан бері жабық тұрған Одесса кемежайынан алғашқы кеме жолға шықты. Стамбулда Ортақ координация орталығы мен қатысты түрік лауазымдыларының бақылауы мен тексеруі арқылы азық-түлік тасымалы жалғасады.

Соғыстан бұрын Украинадан жылына 50 миллион тонна дәнді дақыл, арпа, күнбағыс, жүгері мен басқа да азық-түлік өнімдері экспорт етілетін. Осы келісіммен кемінде 30 миллион тонна өнімнің жыл соңына дейін жолдануы мүмкін болмақ. Келісім арқылы қазірдің өзінде жаһандық азық-түлік бағасы төмендей бастады. Осылайша жүз миллиондаған адам азық-түлікке сенімді және арзан бағамен қол жеткізе алады.

Аталмыш келісім Түркия мен президент Ердоған үшін абыройлы дипломатиялық және саяси жеңіс болса, адамзат үшін үлкен бір табыс болды. Президент Ердоған осы талпыныстарымен Нобель Бейбітшілік сыйлығын алуға лайықты.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның осы тақырыпқа байланысты бағаландыруын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар