Апталық Анализ 47

Түркия ешбір жағдайда өзінің оңтүстік шекарасында лаңкестік әрекеттерге жол бермейді.

1858286
Апталық Анализ 47

Тегеранда  өткен 7-ші Астана саммиті Түркия, Ресей және Иранды Сирия мәселесінде қайта бір жерге әкелді.опера Саммитте тараптар арасында Сирияның территория тұтастығы, лаңкестікпен күрес, саяси шешім үдерісі және елді қайта құру туралы келісім жасалды. Алайда Түркия мен Ресей және Иран арасында Сирияға қарсы әскери операцияға қатысты ұстанымдардағы келіспеушіліктер жалғасуда.

Сириядағы қақтығыстар азайғаннан кейін атысты тоқтату және саяси шешім процесін жүргізу үшін басталған Астана бастамасы осы уақытқа дейін көптеген көздеген мақсаттарды орындай алмаса да  кем дегенде белгілі тақырыпта келісімге келді. Сирия режимі мен оппозиция арасында кездесу алаңын құру арқылы болашаққа деген үміт аз да болса көрінді. Алайда  ұзақ уақыт бойы Астана кепілгер елдері де болғанымен, Ресей мен Иран Асад режимінің әскери шешім іздеуіне қолдау көрсетуді жалғастырды. Әсіресе Идлибте оппозицияға қарсы ауқымды әскери шабуылдар жасады. Олардың бұл аймақты басып алуға тырысу әрекеттерін Түркия «Көктем қалқаны» операциясын бастау арқылы тоқтата алды. Енді соңғы кездерде, әсіресе Украина соғысынан туындаған жаңа геосаяси жағдай Сириядағы күштер арақатынасын да өзгерте бастады. Ресей Сириядан әскери күштерін біртіндеп шығарып жатқанда, Түркияның әскери тежегіштігі салыстырмалы түрде күшейген сияқты.

Президент Режеп Тайып Ердоған «Тель-Рыфат пен Манбидж террористердің ұясына айналды. Террор ұйымдарының баспанасына айналған осы жерлердің тазаланатын уақыты баяғыда келді» деді. Астана серіктестері Путин мен Реиси болса, Түркияның мүмкін бір әскери операциясын тосуға тырысуда. Тегерандағы келіссөздердің негізгі күн тәртібі осы болды. 3 Астана кепілгері бұл тұрғыда бір мәмілеге келе алмай жатқан көрінеді.Түркия Ресей және Иранмен қақтығыс және шиеленіске түсуді қаламаса да, PKK-мен күрес және әскери операцияларға қатысты табанды ұстанымын жалғастыруда. Менің болжамым, қысқа және орта мерзімді перспективада жаңа операция іске қосылады. Мүмкін бір әскери операция болған жағдайда бірінші сатыда Ердоған  айтқандай Тель-Рыфат пен Манбидж желісінде болады. Алайда PKK/YPG-нің табан тіреп тұратын  аймағы Евфраттың шығысындағы аймақтар да орта және ұзақ мерзімде нысанаға алынады. Түркия ешбір жағдайда өзінің оңтүстік шекарасында лаңкестік әрекеттерге жол бермейді.



Ұқсас жаңалықтар