НАТО-ның жаңа стратегиялық жоспарлары

Апталық Анализ – 46

1855201
НАТО-ның жаңа стратегиялық жоспарлары

НАТО қырғи қабақ соғыстан кейін жалпы 4 стратегиялық тұжырымдама жариялады. Біріншісі 1991 жылғы Кеңестер Одағынан мұраға қалған жаңа аймақтық және халықаралық геосаяси шындықты негіз етеді.

Екіншісі 1999 жылы жарияланған стратегиялық тұжырымдама болды. Бұл тұжырымдаманың анықтамалық көзі Еуропаның дәл ортасында орын алған Балқан дағдарысы және ол ала келген қауіпсіздік мәселелері болды. Үшінші стратегиялық тұжырымдама 2010 жылы жарияланды. Бұл тұжырымдама кәдімгі әскери қауіптердің шектеулерінен арылу арқылы ассиметриялық және дәстүрлі емес қауіптерге көбірек көңіл бөлді. Осы тұрғыдан алғанда терроризммен және кибер кеңістік алаңдарымен күрес тақырыптары қауіпсіздіктің жаңа көзқарасының негізін құрады. Сонымен бірге 11-ші қыркүйектен кейінгі Америка Құрама Штаттарының терроризммен күрес сылтауымен халықаралық жүйені күйретуіне қарсы НАТО-ны қайта орналастыру арқылы үйлестіруге бағытталды. Осы тұрғыдан НАТО аймақтық қорғаныс жүйесіне және халықаралық дағдарыстарға төтеп бере алатын ерекшелік пен сипатқа ие бола бастады.

Қауіпсіздік зерттеу директоры, жазушы, Профессор доктор Мұрат Йешилташтың тақырып жайлы бағаландыруына тоқталамыз.

2022 жылғы стратегиялық тұжырымдамаларға ұзақ процесте аймақтық және жаһандық көлемде межеленбеген, әрі тереңдеген өте жылдам және өзгерген оқиғаларға куәгер болудамыз. Мұның ең бастысы және ұзақ уақыттық стратегиялық әсер жаратқаны 2011 жылы болған «Араб көктемі» болды. «Араб көктемі» НАТО-ның оңтүстік аймағынддағы елдерді әлсіретіп қана қоймай, сонымен бірге ереуілдер, көш, терроризм, азық-түлік қауіпсіздігі, экономика сияқты көптеген себептермен жаңа және бұрынғыдан да қауіпті тығырыққа тіреді. Мысалы бұл жаңа ерекшеліктер Солтүстік Африкадан Сахараның оңтүстігіне, Балқаннан Йеменге дейін созылған географияда байқалды. Сонымен бірге Ресейден сырт, Қытай сияқты әртүрлі актерлердің де өз ұстанымдарын нығайтып жатқанына куә болдық.

Тағы бір маңызды мәселе НАТО-ның дәстүрлі бетпе-бет келетін алаңдарына өкілдік еткен мәселелерде Ресейдің өз билігін қалпына келтіруге тырысуы және талпынысқа беталуы болды. Бұл жағдай Грузиядан кейін Қырымды жаулап алу сияқты әлдеқайда стратегиялық сынақ ретінде өзін көрсетті. Соңғы кезде 24 ақпанда Ресейдің Украинаны жаулап алуға талпынуы қырғи қабақ соғыстан кейінгі ең батыл орыс қаупі ретінде халықаралық қоғамды уайымға батырды. Әрі НАТО-ны да күшті бетін қайтару әрекетін жасауға итермеледі. Сонымен бірге АҚШ пен Қытай арасындағы бәсеке себеп болған жаңа халықаралық жағдай НАТО-ға тың қысым көрсетті. Осыларға қосымша пандемия, климат өзгерістері, атомдық қарулану, балистикалық зымыран технологиялары, кибер шабуылдар, мемлекет сыртындағы актерлердің мүмкіндіктері мен қабілеттері, күйретуші технологиялық дамулар мен оны қолдану алаңдарының кеңеюі сияқты оқиғалар НАТО-ның жоба мен жоспарын арттыруы стратегиялық тұжырымдаманы жаңалау қажеттілігін туғызып отыр.

Осы тұрғыдан алғанда, төртінші және соңғы рет жарияланған 2022 стратегиялық тұжырымдаманың алдыңғысынан айырмашылығы ол әрі әдеттегі қауіптерді қабылдауды, әрі ассиметриялық қауіптерді бірге қолға алған гибридті тәсілді білдіретін идеяға негізделген. Дегенмен бұл өзгеріс НАТО-ның үш басты принцибін негізге алған алаңдардағы бір реформа емес, күшейту талпынысына қызмет етеді. Осы аяда НАТО-ның басты үш міндеті ретінде «Қорғаныс және тежеу», «Дағдарыстың алдын алу және басқару», «Бірлескен қауіпсіздік» тәсілі бұрынғыдан әлдеқайда тиімді, икемді, үйлесімді және функционалды механизммен қамтамасыз етілгенін айтуға болады. Сонымен бірге 2022 стратегиялық тұжырымдамасы жаңа бір геосаяси күрестің де бастамасы екенін айтуымыз керек.

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеу директоры, жазушы, Профессор доктор Мұрат Йешилташтың тақырып жайлы бағаландыруын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар