Апталық Анализ 45

​​​​​​​Ресейдің Украинаға басып кіруі соғысы жалғасуда.

1853121
Апталық Анализ 45

Ресейдің Украинаға басып кіруі соғысы жалғасуда. Соғыс  көптеген маңызды геосаяcиге ықпалын тигізумен қатар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер болуда. Дүние жүзіндегі ең ірі дәнді дақыл және тұқым өндірушілері Ресей мен Украинаның соғысы мен санкциялар салдарынан нарыққа жеткілікті өнім шығара алмауы азық-түлік тауарларының бағасының тез өсуіне әкелді. Әсіресе дамымаған және даму жолындағы елдер үшін азық-түлік күрделі мәселе болуда. Азық-түлік проблемалары туындады. Түркия болса жаһандық азық-түлік дағдарысының алдын алу үшін қарқынды дипломатия жүргізуде. Қаратеңізде қауіпсіз дәліз ашу арқылы аймақтағы порттарда күтіп тұрған астықтың әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етуге тырысуда.

Түркия Ресей-Украина соғысынан туындаған жаһандық азық-түлік дағдарысын шешу үшін қарқынды дипломатия жүргізуде. Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері бейбітшілік үшін көпжақты дипломатия жүргізіп келе жатқан Түркия соғыстан туындаған жаһандық азық-түлік мәселесін шешуге кірісті. Түркия Украинадағы дәнді дақылдардың  әлемдік нарықтарға қауіпсіз түрде шығуын қамтамасыз ету механизмін құруға тырысуда. Президент Ердоған бұл мәселені әріптесі Путинмен талай рет ақылдасты. Түрік және ресейлік делегациялар да түрлі келіссөздер жүргізуде. Түркия әсіресе Одесса портының айналасында миналарды тазарту және қауіпсіз дәліз ашу үшін техникалық мүмкіндіктерін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

Жалпы алғанда Украина соғысы жалғасып жатқанда, әлем жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысына тап болды. Өйткені әлемнің 26 елі бидай импортының кем дегенде жартысын Ресей мен Украинадан алады. Украина мен Ресей әлемдік бидай, жүгері, майлы дақылдар және тыңайтқыштар экспортының өте маңызды үлесін құрайтын ауыл шаруашылығы орталығына айналған елдер. Екі ел көптеген маңызды дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды, негізінен бидай 34,1%, арпа 26,8%, күнбағыс 23,9% және жүгері 17,4% иелеуде. Осылайша экспорттаушылар бестігіне кіреді. Украина сондай-ақ әлемдік нарықтың 49,6 пайызын қамтамасыз ететін күнбағыс майының маңызды көзі болып табылады. Ресейді бірге есептесек, көрсеткіш 72,7%-ға дейін көтеріледі.

Көптеген импорттаушы елдер Украина мен Ресейдің осы өнімдеріне тәуелді. Солтүстік Африка мен Орташығыс елдері астық қажеттілігінің 50 пайыздан астамын және бидай мен арпаның басым бөлігін Украина мен Ресейден импорттайды. Қазіргі уақытта өнім жеткізуде күрделі мәселе болуда және азық-түлік тауарларының бағасы өсуде.

Украинаның ең ірі теңіз порттары Одесса облысында орналасқанымен, қазіргі уақытта соғыс жүріп жатқандықтан және теңіздегі минаға байланысты порттар жабық. Ресей шабуыл жасаған Украинаның Қаратеңізінде маңызды орынға ие Одесса порттарында миллиондаған тонна астық экспортты күтіп тұр.

Түркия осы порттардағы бар астықтың әлемдік нарыққа шығуы және жаңа дақылдардың ұқсас қауіпсіз дәліздер арқылы экспортталуы үшін Ресей және Украинамен келісім жасауға тырысуда. Алайда әзірге айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмады. Ресейліктер мұндай келісімнің негізі үшін өздеріне енгізілген санкцияларды алып тастау талабын арнайы алға тартты.Бұл ұстаным шындыққа үйлеспейтіні баршаға аян.

 

    

 

 



Ұқсас жаңалықтар