Апталық Анализ 43

​​​​​​​Түркия ел көлемінде Ирак және Сирияға дейін жалғасқан территорияда қарулы ұшқышсыз әуе аппараты операцияларын жалғастыруда.

1847920
Апталық Анализ 43

Түркия ел көлемінде Ирак және Сирияға дейін жалғасқан территорияда қарулы ұшқышсыз әуе аппараты операцияларын жалғастыруда. Соң рет Синджар және Сүлейманиеде жасалған операцияларда террор ұйымы PKK-ның ауыз жүзіндегі көптеген басшылары залалсыздандырылды. Мұнда Түрік ұлттық барлау ұйымының қатысты алаңдағы күші байқалуда. Сонымен қатар техникалық жақтан қаншама дамығаны да белгілі болды.

7 маусымда Ирактың күрд аймағына қарасты Сүлейманиенің Келарь өңірінде бір көлік әуеден  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары тарапынан нысанаға алынды. Жергілікті қайнар көздер көліктегі 5 адамның залалсыздандырылғанын жариялады. Біраз уақыттан кейін көліктегі адамдардың террор ұйымы PKK мүшесі екені, тіпті біреуінің Ферхад Дерик екені жарияланды. Дерик террор ұйымы PKK-ның Сирияға таралуы және «Солтүстік және шығыс Сирия автономиялық әкімшілігі» басқару кеңесінің ауыз жүзіндегі тең төрағалық міндетін атқарған маңызды кісі. Дерик қасындағы басқа 4 PKK-лық террористпен Сүлеймание өңірінде лаңкестік әрекет жасаған болатын.

Дериктің Сирияда сонша ұзақ қашықтықтағы Сүлеймание өңірінде қалай анықталғаны және қалай нысынаға алынғаны назар аударарлық бір жағдай. Әсіресе Түрік ұлттық барлау ұйымның дамығанын түсіну тұрғысынан өте маңызды. Ұлттық барлау ұйымы террор ұйымдарының Сириядан Иракка өтуін қадағалай алады. Бұны әрі әскери күш, әрі техникалық жақтан жүзеге асырды. Сондай-ақ Түркия шекара желісінде 300 километр қашықтықта кетіп бара жатқан бір көлікті күйрете алады.

Дериктің Сириядан соншама шалғайдағы Сүлеймание өңірінде қалай анықталғанына және қалай нысанаға алынғанына назар аударайық. Түркия шындығында соңғы жылдарда Ұлттық барлау ұйымына көп инвестиция салды. Осының нәтижесінде Ұлттық барлау ұйымы жаһандық тұрғыдан ықпалды бір ұйымға айналды. Ұлттық барлау ұйымы күрделі майдан желілерінде өзін дәлелдеді. Ұлттық барлау ұйымының жаңа жағдайға үйлесе алады. Ұйым әрі әскери күш, әрі техникалық жақтан дамыды. Әрине Түрік қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жылдағы дамуы да Ұлттық барлау ұйымының дамуына көмектесті. Әсіресе қарулы ұшқышсыз әуе аппараты саласында Түркияның әлемдегі лидер рөлінде  Ұлттық барлау ұйымының үлесі бар. Бұл жағдайды соңғы айларда Ирак және Сирияда ұйымдастырылған ондаған қарулы ұшқышсыз әуе аппараты операциясы және залалсыздандырылған террор ұйымы PKK-ның ауыз жүзіндегі басшыларынан да көруге болады.

 



Ұқсас жаңалықтар