Апталық Анализ 42

Президент Ердоған өткен апта  «Эфес-2022» оқу-жаттығуының «Мәртебелі бақылаушылары күні» іс-шараларына қатысты.

1844640
Апталық Анализ 42

 

Президент Ердоған өткен апта  «Эфес-2022» оқу-жаттығуының «Мәртебелі бақылаушылары күні» іс-шараларына қатысты. Президент Ердоған бұл жердегі баяндамасында «Грекияны «әскери емес» мәртебесі бар аралдарды қаруландыруды тоқтатуға және халықаралық келісімдерге бағынуға шақырды. Бұл үндеу Түркия тұрғысынан өте маңызды және бұдан кейін тіпті қатал тұғыр ұстанудың бір дәлелі болып табылады. Бұл процесс Түркия-Грекия қарым-қатынастарында жаңа бір дағдарыстың белгісі болумен қатар жаңа бір бетбұрыстың түйіні болуда.

 Аралдардың қаруландыру тақырыбының басты күн тәртіпке айналуының бір ғана себебі жоқ, процесс біртіндеп өзгерді. Грекияның Эгейде ұстанған заңсыз тұғырларын және ұшқары саясаттарын Жерорта теңізінің шығысына әкелуі әслінде процестің ушығуына апарып соқты. Афины орайдан пайдаланды. Түркияға қарсы болған шептермен бірге әрекет жасап Жерорта теңізінің шығысында жаңа ойын ойнауы Анкараның наразылығына душар болды. 2020 жылы болған дағдарыс салдарынан Грекия кері қадам басуға мәжбүр болды. Түркия болса бұл процесте Жерорта теңізінің шығысында жариялаған NAVTEXT мәлімдемелерін Эгейде де жариялады. Мәлімдемеде «Грекияның «әскери емес» мәртебесі бар аралдарды қаруландырудың заңға қайшы екенін түсіндірді. Сондай-ақ дипломатиялық деңгейде бұл тақырыпты қайтадан қолға ала бастады.

Мәселенің алауланып күн тәрітпке келудің екі себебі бар. Біріншісі, Грекияның соңғы кезеңде арт-артынан басқан ұшқары қадамдары. Мысалы Грекия бір жағынан Франциямен ымыраласып, АҚШ-пен әскери келісімін жалғастырды. АҚШ-қа көптеген әскери база берді. Енді бір жағынан шектен асып, қарулану саясат ұстанды. Аралдардың  «әскери емес» мәртебесіне қайшы әрекет жасады. Заңдастыру үшін осы аралдарды НАТО әскери жаттығуларына және басқа елдермен бірге жасаған әскери жаттығуларға қосуға тарысты. Бұл қадамдарды басқан кезде Түркиямен саяси кездесулерін жалғастырды. Бірақ соңғы кезеңде Мицотакистің Түркияға қарсы қадамдарын саяси ретінде де жасырмады. Түркияның ашуға мінуіне себеп болды.

Екінші себеп болса, Түркияның артқан дипломатиялық және әскери ықпалымен байланысты. Соңғы жылдарда түрлі желілерде бірдей уақытта болған шабуылдарға Түркия қатты тойтарыс беріп, маңызды табыстарға қол жеткізді. Украина дағдарысында да талпыныс көрсетіп, өзінің саяси алаңын кеңейтті. Осыны көре алмаған Грекия соңғы кезеңде Түркияға қарсы әрекет жасауда. Бұдан нәтиже шығаруы өте қиын. Түркияға қарсы құқай көрсетуі қатерлі және қауіпті. Сондықтан ықпалды бір әрекет ретінде аралдардың  «әскери емес» мәртебесінің қорғалуы екі ел қарым-қатынастарының басты күн тәртібіне айналды.

Түркия-Грекия дағдарысынан бір әскери қақтығыс жасау үшін әлі ерте. Алайда Грекияның аралдардың қаруландыруы болып, Эгейде және басқа салаларда басқан заңсыз қадамдарына қарсы Түркия қол қусырып отырмайды. Осы тұрғыдан алғанда Түркияның аталмыш заңсыз қадамдарға қарсы дипломатиялық, саяси және әскери қысымын арттыратыны сөзсіз. Оқиғалар бұдан кейін Грекияның басатын қадамдарына қарай өзгереді.



Ұқсас жаңалықтар