Апталық Анализ 40

Ирак және Сирияда тіпті жанды сезонға кірудеміз.

1837441
Апталық Анализ 40

 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жаңа бір операция жасалатынына байланысты мәлімдемесінен кейін Сирия шекарасында қайтадан әрекет басталды. Жалпы алғанда «Сирияға бір операция жасала ма?» деген сұрақтың орнына «Сирияда қай жерде бір операция жасалады» деген сұрақ күн тәртіпте орын ала бастады. Алайда Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы шешімі басқаша болды. Кеңес «Оңтүстік шекарамыздағы операциялар» деген сөздерге орын берді. Ондай болса бұл сөз не мағананы білдіреді ?

Өткен жылдарда Сирияда немесе әлі Иракта жүргізілген әскери операциялардың уақыты және орны тұрғысынан алғанда шектеулі және белгілі екені анық. Мысалы «Пенче-Килит» операциясы Зап және Метина аймағындағы террористтердің залалсыздандырылуына бағытталған. Бұл операцияның басты мақсаты террористтерді залалсыздандыру. Сирияда болса қауіпсіз аймақ құру көзделуде. Басқа бір сөзбен айтқанда террористтердің Түркия шекарасынан шығарылуы және гуманитарлық себептен сириялықтар үшін қауіпсіз бір аймақ құру.

Қазіргі сатыда Ирак және Сирияда жүргізілген операциялардың мақсаты мен нысаналары өзгерген жоқ. Алайда Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі шешімінде қолданылған сөздердің жаңа бір әдісті білдіргенін айта аламыз.

«Оңтүстік көршілеріміз» деп аталған Ирак және Сирияда кең көлемде террористтердің әрекеттерін бақылап, стратегиялық ықпал жарататын және нәтижеге қол жеткізе алатын жаңа бір әскери таңдау тілге тиек болуда. Осы аяда Түркияның шекара қауіпсіздігі, террорист сарбаздарының түбегейлі түрде жойылуы және қосымша толқындардың тосылуы. Сондықтан әрқандай бір уақытта, әрқандай бір жерде, әрқандай бір әдіспен осы мақсаттарды кеңейтуге тырысу болып табылады.

Олай болса кең көлемде жүргізілетін бір операцияларға байланысты  елдер қалай наразылық көрсетеді? Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігі және Украина соғысы дау-дамай болған осы кезде Түркияның қауіпсіздік жөніндегі қайғыларына көңіл бөлген бір батыс әлемі бар. Сирия мәселесін Америка Құрама Штаттары тізгіндеуі мүмкін. Бірақ геосаяси салдарынан Сирияда мәселесін күн тәртіпке әкелген америкалықтар 30 километр кеңістіктің дұрыс екенін мойындауға мәжбүр. Өйткені қол қойған келісімді орындай алмады.

Орыстар тұрғысынан жағдай біраз басқаша. Мәскеуде өкілділігі болған  PKK/PYD-ні Ресей Түркия және АҚШ-қа қарсы қолдануда. Орыстардың Сирияда тізгінді қолынан жібермеуі үшін шектемелі операцияларға көз жұмуға мәжбүр болуда. Кең көлемді бір операцияда орысты жақтайтын режимнің жалғасуын қатайды. Сондықтан маңызды қала орталықтарына қарсы әрқандай бір операцияға қарсы шығатын Ресей 30 километр кеңістікке дейінгі операцияларға риза болмаса да үнін шығармағаны жөн.  Әйтпеген жағдайда Украинаға жасаған шапқыншылығына қарамастан тепе-теңдік тұғыр ұстанған Түркия қарым-қатынастары тұңғиыққа барып тіреледі.

Иран тақырыбы болса біраз күрделі. Иран PKK/PYD-мен диалогты артқы жоспарға қойды. Бұл Түркия тұрғысынан бір қауіп. Сондықтан Иранның әрі Ирак, әрі Сирияда айтқан сөздері және әрекетіне көңіл бөлу керек.

Қорыта айтқанда Ирак және Сирияда тіпті жанды сезонға кірудеміз. Бірдей уақытта түрлі аймақта жүргізілетін операциялар жазғы маусымның күн тәртібінде орын алады. Әрине,Ресей және АҚШ-пен жргізілген дипломатиялық келіссөздерден нәтиже шықпайтын болса.



Ұқсас жаңалықтар