Апталық Анализ 39

Украина соғысынан кейін пайда болған жаңа геосаяси тепе-теңдік Түркияның террормен күресуі тұрғысынан жаңа мүмкіндік жаратты.

1833722
Апталық Анализ 39

Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған мәлімдемелер арқылы Сирияның солтүстігіне жаңа бір әскери операцияның жасалуы мүмкіндігін айтты. Ердоған аймақтан Түркияға қарсы террор қаупінің жалғасқанын және барлық шекара желісі бойынша 32 километрлік кеңестікте қауіпсіздік аймақтың құрылуы үшін PKK/YPG террор ұйымын нысанаға алып, жаңа бір әскери операциялардың жасалатынын жариялады. Украина соғысынан кейін пайда болған жаңа геосаяси тепе-теңдік Түркияның террормен күресуі тұрғысынан жаңа мүмкіндік жаратты.

Түркия Сирия тарапынан  төнген террор қаупіне қарсы талай рет үлкен әскери операция жасады. Біріншісін 2016 жылы «Евфрат қалқаны» операциясымен бастап, ДАИШ және PKK террор ұйымдарын бірдей уақытта нысанаға алған. Одан кейін Афринге «Зәйтүн бұтағы» операциясын және аяғында да Евфраттың шығысында Тель-Абьяд және Ресулиян қаласын қамтитын түрде «Бейбітшілік бұлағы» операциясын жасады. Бұл операциялар арқылы террор ұйымы PKK/YPG-нің Жерорта теңізге жетуін және бір террор мемлекетін құру әрекетін тосты. Террор ұйымы Сирияда әлі әрекет жасауда. Әсіресе Евфраттың шығысында Тель-Рифат және Манбиджте Ресей және Асад режимінің қорғауы астында террор ұйымы ойран салуда. Евфраттың шығысында болса көбінесе АҚШ-тың қорғауы астында болуда. PKK/YPG-нің «Солтүстік және Шығыс Сирия автономиялық әкімшілігі» атымен бір автономиялық аймақ құрып, АҚШ және түрлі батыс елдердің қолдауымен Ракка және Дейреззорды қамтитын түрде бір саяси және құқықтық негізінде де танылған бір автономия болу талпынысы тілге тиек болуда. Алайда Түркия мұндай бір әрекетке рұқсат бермейді. Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған соңға мәлімдемелерімен Сирияның солтүстігіне жаңа әскери операциялардың жасалуына сигнал берді. Ердоған аймақтан Түркияға қарсы террор қауіптерінің жалғасқанын және барлық шекара желісі бойынша 32 километрлік  кеңестікте қауіпсіздік аймақтың құрылуы үшін PKK/YPG террор ұйымын нысанаға алып, жаңа бір әскери операциялардың жасалатынын жариялады. Украина соғысынан кейін пайда болған жаңа геосаяси тепе-теңдік Түркияның террормен күресуі тұрғысынан жаңа мүмкіндік жаратты.

Әсіресе Ресейдің әскері Сириядан уақытша болса да кері шегіне бастауы және АҚШ-тың Украина соғысына шоғырлануы Түркияның әрекет алаңын кеңейтуде. Қажетті логистикалық дайықдық жасалғаннан кейін Түрік Қарулы Күштерінің жаттығудан өткен Сирия ұлттық армиясымен бірге жоғарыда аталған аймақтарға қарсы кең көлемді әскери операциясының ұйымдастырылуы енді күн тәртіпте.

 



Ұқсас жаңалықтар