Апталық Анализ 38

​​​​​​​Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін НАТО тәуелсіздіктерін алған елдерді өз ішіне ала бастады.

1829644
Апталық Анализ 38

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін НАТО тәуелсіздіктерін алған елдерді өз ішіне ала бастады. Ресей-Украина соғысымен бірге НАТО бұл саясатын жалғастыру үшін жаңа талпыныс жасады. Украина да НАТО-ға кіргісі келді. НАТО-ға мүшелік процесін себеп ретінде көрсетіп, Украина шабуылын заңдастыруға тарысқан Мәскеу енді Финляндия және Швецияның мүшелік өтінішімен жаңа бір кикілжіңге тап болды. Алайда бұл рет НАТО-ның кеңеюі басқа уақыттан тіпті де маңызды күйге айналды.

Бұның екі негізгі себебінің болғанын айта аламыз. Біріншісі Швеция және Финляндия НАТО-ға мүшесі болған жағдайда Ресейдің көрсететін наразылығының қандай болатыны жайлы. Егер Ресей екі елдің НАТО-ға қатысуын қауіп ретінде қарап, жаңа бір әскери әрекет жасауға тырысса, онда соғыс Украинамен ғана шектелмейді. Ресей наразылық көрсетпей және мәселе ұлғаймай, Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігі қабылданса, онда Ресей НАТО тарапынан толыққанды түрде өз шекарасын қоршаған болады. Бұл екі жағдайда да Ресей бұл екі елдің НАТО мүшесі болуымен Балтық аймақатрына тіпті көп әскери күш жинауға мәжбүр болады.

Екінші маңызды тақырып болса ең күшті елдің бірі болған Түркияның Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігіне қарсы шығуы. Аталмыш саясат бір тараптан Украина соғысымен жаңа бір селбесу процесіне кірген одақтастың үйлесімділігін бұзу қаупі туылса, енді бір жағынан да Түркия мен НАТО арасында жаңа бір мәселенің жарыққа шығуына себеп болуы мүмкін. Анкараның екі елдің мүшелік процесіне қарсы шығуының болса өзінің орынды себептері бар.

Алдымен мынаны ескерткеніміз жөн. Түркия НАТО-ның кеңеюіне оң қарауда. Сондықтан Финляндияның НАТО мүшесі болуына көп нарызылық көрсетпеуде. Алайда әсіресе Швецияның PKK-мен болған байланысына Анкара мазасыз болуда. Абайлап әрекет етуде. Мысалы Швеция PKK-ның өз елінде ойран салуына рұқсат беруде және Сириядағы PYD-ге қару жарақ беруде, экономикалық жақтан қолдау көрсетуде. Швеция PKK-ның Еуропадағы ең ықпалды елдің бірі қатарында орын алуда. PKK-ның Швециядағы әрекеттері ішінде: ауыз жүзіндегі азаматтық ұйым іс-шаралары, заңсыз жолмен келген ақша қаражатын қолма-қол ақшаға аударумен айналысу, қызметкер алмасу және Түркияға қарсы лобия жүргізу сынды көптеген заңсыз әрекет жасауда. Швецияның Түркияға қарсы саясаттары PKK-мен ғана шектеулі емес. Сонымен қатар Түркияда 15 шілде төңкерісінің артқы жағында Фетуллахшы террор ұйымы мүшелері бар. Бұл мүшелер Швецияда.

Анкара Швецияның бұл тұғыры салдарынан НАТО мүшелігі тақырыбында байсалды әрекет етуде. Түркияның қауіпсіздігіне зиян тигізетін бір елдің мүшелігіне қолдау көрсетпейтінін пайымдауда. Украина соғысымен геосаясаттық маңызы артқан Түркия НАТО ішіндегі орнынан пайдаланып, бұл тақырыпта Швецияның ұстанымын өзгерткісі келуінен табиғи бір жағдай жоқ. Алайда Түркияның бұл ұстанымы НАТО ішінде жаңа бір кірбеңдіктің туылуына себеп бола ма? Оны күтіп көргеніміз жөн.

 

 



Ұқсас жаңалықтар