Апталық Анализ 36

Шығанақ елдері әсіресе соңғы жылдарда Америка Құрама Штаттарының тұғырынан күдерін үзді.

1823101
Апталық Анализ 36

Жаңа қырғи қабақ соғыстың үлкен күш күресінде Орталық Шығыс елдерінің талпыныстарымен салыстырғанда Ресей-Украина соғысы Вашингтонның көп уақытын алды. Сондықтан Орталық Шығыс  елдерінің қауіпсіздік мәселелеріне АҚШ ерекше көңіл бөлмеуде.

Израиль мен Шығанақтағы кейбір елдер Байден әкімшілігінің Венада Иранмен жалғасқан жанамалай саудаларда Ресей-Украина соғысының созылуы салдарынан Тегеранға мүмкіндік жаратуынан алаңдауда.

Иран 2015 жылғы ядролық келісімді қабылдаған жағдайда Вашингтон әрі Иранның зымыран кабілеттерін шектеудің күшін жояды, әрі Тегеранның жергілікті сарбаздарының аймақтағы ықпалына көз жұмады. Мысалы ядролық келісімнің жаңалануымен байланысты Иран Төңкеріс қорғаушыларының АҚШ террор тізімінен шығарылуы мүмкіндігі Вашингтонда дау-дамай болуда. Бұл бір қауіпсіздік мәселесі ретінде байқалуда.

Шығанақ елдері әсіресе соңғы жылдарда Америка Құрама Штаттарының тұғырынан күдерін үзді. Вашингтонның Азияға бағытталған саясаты аймаққа көңіл бөлмегенін көрсетуде. Мысалы Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы Йемендегі Иран қолдауындағы хоуситтер тарапынан атылған зымыран шабуылдарына Байден әкімшілігі киліккен жоқ. Сондықтан Шығанақ елдері әрі әскери жабдықтың алынуы, әрі сауда саласында АҚШ-тан басқа елдермен, сондай-ақ  Қытай және Ресей сынды күшті елдермен қарым-қатынастарын түрлендіруге бет алды.

АҚШ болса, аймақ елдерінің бұл түрлендіру саясатына риза болмаса да, осы таңға дейін әлі оңтайлы бір тұғыр ұстанбады. Алайда алдағы күндерде күтпеген сәтте Вашингтон әкімшілігі Шығанақ, Израиль және Солтүстік Африка елдері арасындағы байланысты жақсартуы мүмкін. Вашингтон Орталық Шығыс аймағындағы аралас-құралас, тығыз бірлікті өз мүддесіне айналдыруы ықтимал. Осы процесс аймақтық ынтымақтастық үшін бір негіз салынуы мүмкін.

Қазір Орталық Шығыс аймағында түрлі жиналыстар арқылы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырған елдер арасында Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Сауд Арабиясы, Иордания, Марокко, Бахрейн, Ирак және Израиль бар. Түркия да өз нысаналары аясында талпыныс жасауда. Аталмыш түрлі ынтымақтастық іс-шараларына Анкараның түрлі тақырыпта қатысуы мүмкін. Алдағы күндерде келіссөз аяқталғанда аймақта Иранның немесе сарбаздардың артқан ықпалы жанамалай түрде теңестіріледі. Сонымен қатар Түркия Шығанақ аймағында сауданы өзара мүдде принцибінде дамытады. Сондықтан аталмыш талпыныстардың кең қанат жаюуы Анкараның энергия, туризм салаларында аймақ елдерімен жаңа ортақтықтар құруы мағынасына келеді. Осылайша АҚШ бір күні жаңа қырғи қабақ соғыс салдарынан Жерорта теңізінің шығысы және Орталық Шығыс аймағына орталығы Вашингтон болған одақтастық жобасымен қайта оралса, онда Түркия аймақ елдерімен түрлі тақырыпта жасаған ынтымақтастығымен бұл жобаның ішінде орын алады.

Алдымыздағы күндерде Түркия Орталық Шығыстағы қарым-қатынастарын қалыпқа түсіру қадамдарын басуы мүмкін және бұл Түркияның Украина дағдарысы барысындағы ең үлкен жеңісі болып табылады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар