Апталық Анализ 35

Түрік Қарулы Күштері көктемнің келуімен бірге Ирактың солтүстігінде жаңа операция бастады.

1820480
Апталық Анализ 35

Түрік Қарулы Күштері көктемнің келуімен бірге Ирактың солтүстігінде жаңа операция бастады. «Пенче-Килит» деп аталған соңғы әскери операцияда Түркия шекара түйініне жақын Авашин- Басиян және Зап аймақтарын нысанаға алуда. Әуе күштері арқылы PKK-ға тиесілі базалар жойылса, көптеген террорист аймақтан қуылды.

Түркия PKK террор ұйымымен күресті табанды түрде жалғастыруда. Ел ішінде жүргізілген әскери операциялармен қатар, шекара тысындағы террор ұйымын насанаға алуда. Операциялар арқылы Ирак және Сирияда PKK-ның орындарын күйретуде. Осы тұрғыдан алғанда көктемнің келуімен PKK террор ұйымының Ирактың солтүстігіндегі орындарын «Пенче-Килит» операциясымен жоя бастады. F16 және қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары әуеден операция жасады. Жауынгерді жерге түсіріп, Түрік Қарулы Күштерінің бақылау алаңын кеңейітті. Сонымен қатар аймақтағы үңгір және туннельдер де күйретілді. Осы таңға дейін 60-қа тарта террор мүшесі залалсыздандырылды.

«Пенче-Килит» операциясы арқылы террор ұйымы қысым астына алылды. Түркияға бағытталған жаңа террор әрекеттері тосылуда. Түркияның Ирак және Сириядағы ықпалды шекара тысы әскери операциялары үлкен жеңістерге қол жеткізуде. Ұйымның Түркия ішінде әрекет жасау мүмкіндігі азайды. Қорыта айтқанда Түрік Қарулы Күштері алдымыздағы апталарда Иракта операция көлемін кеңейтіп, ұйымды жалғасты нысанаға алады. Түрік Қарулы Күштері қазіргі стратегиясымен ұйымның қауіпсіз аймақ ретінде қараған алаңдарын жоюда. Сонымен қатар маңызды логистикалық желілерін үзіп, ұйымды тар алаңға ығыстыруда. Түрік Қарулы Күштері террор ұйымын түбегейлі жоюға тырысуда,

 

 



Ұқсас жаңалықтар