Апталық Анализ 34

Ресейдің Украинаға жасаған шапқыншылығы 58 күннен асты.

1816528
Апталық Анализ 34

Ресейдің Украинаға жасаған шапқыншылығы 58 күннен асты. Қазір кең көлемді бір анализ жасау қиынға түсті. Осы таңнан бастап төмендегі жағдайды тілге тиек етуге болады.

Бірінші жағдай Ресейдің әскери табыссыздығы. Байқалғандай Ресей өзінің ойлаған жоспарын толыққанды түрде жүзеге асыра алмады.  Бұл жоспар табыссыз болды. Өкінішке орай  басқа бір жоспарын де іске қоса алмады. Әсіресе әскери шабуылдың алғашқы күнінде Украинада әскери нысандары жойылуына қарамастан Гостомель әуежайының бақылауын толыққанды түрде қолға түсіріле алмады. Бұл Ресейдің Украина ішіндегі логистикалық желілерінің дұрыс іске қосылуына кедергі болды. Осындай жағдайда орыс күштерінің соғыстың алғашқы күнінде-ақ үлкен шығынға ұшыруына себеп болды. Әскери шабуылдың басынан бері төрт негізгі стратегиялық аймаққа шоғырлануына қарамастан Киев, Харьков сынды соғыстың нәтижесін өзгертетін аймақтарда Ресей табысты бола алмады. Мариупольде ұзақ уақыт шайқас болған. Алайда қала түбегейлі түрде күйретілгеннен кейін ғана орыс армиясы көп бөлімін басып ала алды. Херсон және Мариуполь аймақтарында да соғыс Ресей үшін күтілгеніндей болған жоқ. Киев, Чернихив, Суми, Ирпень, Харьков сынды аймақтарда болса орыс күштері шегінуге мәжбүр болды.

Қалған процеске көз жіберетін болсақ, орыс армиясының Украина территориясындағы әскери күшінің әлсіз екені, операция жасауда қиналғаны байқалуда. Енді бір жағынан үйлесімді операция принциптеріне тәуелді болу түйінінде табысты бола алмағаны баршаға аян. Әуе үстемдігі тұрғысынан алғанда кемшіліктер өте көп. Сонымен қатар Ресейдің үгіт-насихат соғысында да ықпалды болмағаны байқалды. Ресейдің Қаратеңіздегі әскери флотының флагманы--"Мәскеу" крейсері соғыстың 51-ші күнінде суға батты. Бұл соғыс бойынша Ресейдің әскери жақтан ұшыраған ең үлкен шығын болып табылады.  Ресей үшін үлкен соққы болды.

Әскери қиыншылықтар және соғыстағы  табыссыздық Ресейдің жоспарларын өзгертуіне апарып соқты. Жаңа жоспар Донбасс аймағын түбегейлі түрде бақылау астына алып, бұл жерден республикаларды Украинадан  бөліп алу.

Екінші маңызды жағдай болса, Ресейдің экономикалық төзімділігінің әлсіздігі. Ауыр және кең көлемді экономикалық санкциялар өз ықпалын көрсетті және Ресейге қатты қысым жаратты. Бұл жағдай таяу кезеңде экономикалық дағдарыстың ушығуына себеп болатындай ұзақ мерзімде Ресейдің жаһандық деңгейде экономикасының қатты әлсіреуіне апарып соғады. 

Соғыстың жаңа бір белесіне кірген бір кезеңде Ресей бәлкім тек әскери жеңістерге жол жеткізуі мүмкін. Бірақ стратегиялық жақтан тіпті үлкен соққыға ұшырайтыны анық.



Ұқсас жаңалықтар