Апталық Анализ 33

Ресейдің Украианаға жасаған шабуылдары екі ай өтсе де Ресейдің табыссыз болғаны баршаға аян болды.

1812942
Апталық Анализ 33

Ресейдің Украианаға жасаған шабуылдары екі ай өтсе де Ресейдің табыссыз болғаны баршаға аян болды. Путин үлкен үмітпен қысқа уақыт  ішінде жеңіске қол жеткізетінін ойлап, соғысты бастаған еді. Өкінішке орай Ресей әскерлері жеңіліске ұшырап,  Киевтен шегінуге  мәжбүр болды. Соғыс әсіресе Донбасс аймағы және Мариуполь қаласында жалғасуда. Алайда Ресей армиясы қатты шығындарға душар болды. Ресейге қарсы халықаралық санкциялар барған сайын артуда. Буча сынды аймақтарда болған қанды қырғынға барша әлем қатал наразылық көрсетті.

Ресей президенті Владимир Путин үлкен жоспармен  Украинаны жаулап алып, өзін жақтайтын бір әкімшілікті билік басына әкелуді ойлаған болатын. Өкінішке орай орыс армиясы Украинада терең батпақтың ішіне батып шыға алмай қалды. Ресей армиясы Киев шебінен әрең дегенде қашып құтылды. Қазір қосымша жасақтар жинап, Донбасс маңында Украина армиясымен соғысып жатыр. Мариуполь қаласындағы қақтығыстар да жалғасуда. Алғашқы кездегідей болмаса да орыс армиясы үлкен шығындарға душар болуда. Киев шебіндегі жеңістермен өздеріне деген сенімі артқан Украина армиясы қазір Донбассты қорғауға тырысуда.

Батыс елдерінің Украинаға әскери және экономикалық жақтан қолдауы артуда. Украинаға түрлі қару-жарақ және қару жабдықтары жіберілуде. Словенияның S300 жойғыш әуе қорғаныс жүйелері де Украинаға жетті. Олардың тіпті күшті қару жүйелерін жіберу жоспарлары бар. Украина территориясында мұндай жағдайлар болып жатқан кезде, Бучадан келген аянышты көріністер барша әлемді дүр сілкіндірді. Мөлшермен 34 күн орыс жаулауы астында қалған аймақтарда қырғын жасалғаны жарыққа шықты. Жаппай өлтіру оқиғасы байқалды  және топтық мазарлар табылды. Әйелдерге зорлық-зомбылықтар жасалды. Әйелдердің әртүрлі  жәбір көргені пайымдалуда. Бұлардың барлығы өте үрейлі жағдай. Бучадағы аянышты көріністер барша әлемнің Ресейдің басқыншылықтарына қарсы наразылықтарын арттырды. Батыс елдері мен халықаралық ұйым Ресейге қарсы санкцияларын көбейтсе, Путиннің жаулаудағы тоң мойындығы әрі өз билігін, әрі елін тұңғиыққа апарып тіреді.

 



Ұқсас жаңалықтар