Апталық Анализ 32

Орыс армиясы үлкен шығынға душар болды.

1809625
Апталық Анализ 32

 

Ресей Украинаға қарсы шабуыл жасағанан кейін, Украина халқы мен армиясы орыс бсқыншылықтарына қатты тойтарыс берді. Орыс армиясы үлкен шығынға душар болды. Бұл жағдай әлемде Ресей әскерінің күшіне деген күдіктің пайда болуына апарып соқты. Сонымен қатар Ресей басқыншылыларына қарсы батыс әлемі санкциялар жасады. Ресей экономикалық жақтан тұңғиыққа барып тірелді. Батыстың Ресейге жасайтын санкцияларының артып артпауы және Украинаға әскери жәрдемінің көлемі де күн тәртіпте орын алуда.

АҚШ және батыс елдерінің Ресеймен болған қарым-қатынасты белгілі деңгейде ұстауға тырысқаны байқалса да Ресеймен күрестерін тоқтатын түрі жоқ. Бұл күрестің біреуінің де Сирияда болуы мүмкіндігі шайдай ашық. Сирия оппозициялары Украина-Ресей соғысы себепті Ресейді сынға тартуда. Олар батыс елдерін өзіне тартқанымен, батыстың Сирияға шынайы бір тұғыры әлі байқалмауда. Осыған орай Украина-Ресей соғысының Сирия территориясына тигізетін ықпалдарын қолға алғанды жөн көріп отырмыз.

Соғыстың әскери ықпалдарына қаралғанда орыс армиясының Украина алдында өте қатты соққыға ұшырағаны және әлсіз екені жарыққа шықты. Украинаның пайымдауларына қарағанда мөлшермен 18 мың орыс әскері залалсыздандырылды. Орыс медиасында орын алған, алайда кейін өшіріп тасталған бір хабарда болса 9 мың 861 орыс әскерінің өлгені, 16 мың 153 орыс әскерінің жарақат алғаны жеткізілген еді. Бұл санақтар АҚШ-тың талай жылдан бері жалғасқан Ирак және Ауғанстан жаулауымен салыстырғанда өте көп. Сонымен қатар Ресейдің мыңдаған әуе көліктері мен құрлық көліктерінің, сондай-ақ әскери жабдықтарының шығынға ұшырағаны байқалуда. Сондай-ақ Ресей қорғаныс өнеркәсіп және экспорт саласы жағынан болымсыз ықпал көретіні, Сирияда режимге әскери жәрдем беруде қиналатыны сөзсіз.

Түрік отандық қарулы ұшқышсыз әуе аппараты Bayraktar TB2 сынды түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің соғыс майдандарындағы үлкен табыстары Сирияда көпшілік мақұлдаған тәртіп тұрғысынан Түркияны  күшейтуде. Мысалы 2020 жылғы «Көктем қалқаны» операциясының өзінде бір аптада Түркия режим күштеріне ойсырата соққы берген еді. Осы тұрғыдан алғанда Түркияның Bayraktar TB2  ұшқышсыз әуе аппараттарымен қатар TB3, AKINCI  A & B және тағы басқа әуе қорғаныс жүйесі ретінде Hisar A+ мен Hisar O+ ұшқышсыз әуе аппараттарының таяу заманда соғыстарда көпшілік мақұлдаған тәртіп тұрғысынан Түркияны  алдыңғы қатарға шығарады.

Ресейдің Сирияда орын алған «Вагнер» әскери жасақтарын Украина территориясына тартқаны жайлы пайымдаулар дұрысталғанымен Асад жақтаушы сарбаздарының Укринаға кіргені  әлі дәлелденген жоқ. Асад жақтаушы сарбаздардың Ресей тарапынан Украина соғысына қатысуы тек Ресей емес, Асад режимі тұрғысынан да үлкен қателік болады. Батыс әлемі Асад және  әскери килігу тақырыбын  бір жаққа қойып, Асад режимінің және оның күштерінің батыс әлемінің қауіпсіздігіне зиян тигізетін бір түйінге келу процесін өз жағына айнаддырып жіберуі де мүмкін.

Қорыта айтқанда, Украина соғысының Сирияға ықпалының незігінде психологиялық үстемдігінің Түркияға өткенін айта аламыз. Сонымен қатар әскери технологияда Түркияның дамығанын және географиялық әлеуетінің ерекшелігін  айтуға болады. Бұлардың барлығын қосқанда Түркияның Ресей алдындағы саудаласу күшін арттырады. 



Ұқсас жаңалықтар