Апталық Анализ 31

Соғыста энергия  басты көзір ретінде қолданылды.

1805727
Апталық Анализ 31

Ресейдің Украинаны жаулауымен басталған процесте энергияның бір қару ретінде қолданылуына тағы бір рет куәгер болды.  Соғыста энергия  басты көзір ретінде қолданылды. Ресей мұнай және табиғи газға деген сұраныс күшін қолданса, АҚШ керісінше Ресейдің энергия экспортын тосуға тырысуда. Осы жағдайда әрине энергия бағасы да өсті.

Ресейдің Украинаны жаулаумен бірге Еуразиядағы геосаяси тепе-теңдік бұзылды. Көптеген себеппен қатар жаһандық энергия нарықтары да күйзеліске ұшырады. Brent мұнайдың баррель бағасы бір сәтте 130 долларға дейін ұласып, рекорд жаңалады. Әлемді энергия нарықтары тақырыбында алаңдатқан басты себеп әрине Ресей энергиясына деген сұранысындағы мұнай мен табиғи газ.

Энергия сұранысы Ресейдің әрі күшті, әрі әлсіз жағы. Мұнай мен табиғи газ Ресей экономикасына әр жылы миллиондаған долар кіріс түсіруде. Сонымен қатар Ресей экспортқа негізделген бір экономика. АҚШ бұл әлсіздікті байқай отырып, Украинаны жаулай бастауымен Ресей энергиясына шектеме қойды. Әсіресе еуропалық елдердің альтернатива ресурстарына баығтталуын қамтамасыз етіп, бұл энергия экспортын азайтуға тырысуда. Бұл жерде Еуропа Одағы мүшелерінің Ресейге, әсіресе табиғи газға деген тәуелділігінің стратегиялық бір олқылық ретінде жарыққа шығуы бұл елдердің Ресейге қарсы ұстанған саясаттарына ықпал жасауда. Германия, Италия және Франция сынды маңызды елдердің 40-50 пайыз деңгейінде Ресейге тәуелді болуы олардың саясатты қайтадан белгілеуіне апарып соқты. Осылайша Ресейге деген тәуелдігінен құтылу түйінінде маңызды шешімдер жасады.

Қорыта айтқанда, Украинадағы соғыс қалай аяқталса аяқталсын орта және ұзақ мерзімде Ресей тұрғысынан үлкен бір стратегиялық шығын болып табылады. Еуропа Одағы елдері бірнеше жыл ішінде Ресейге деген тәуелділігінен құтылады және бұл елдер Ресейге қарсы тіпті күшті саясат жүргізеді. Ресей тысындағы энергия өндіруші елдер болса осы процестен пайдаланады. Иран және Венесуэла сынды елдер де жаһандық энергия нарығына қайтуы  мүмкін.

 

 



Ұқсас жаңалықтар