Апталық Анализ 30

НАТО Ресейдің Украинаға қарсы шабуыл жасауына орай ұзақ мерзімді стратегиясын қайтадан қолға алуға мәжбүр болды.

1802169
Апталық Анализ 30

Ресей Украинаға шабуыл жасады. Бұл НАТО-ның Қырғи қабақ соғысынан кейін душар болған ең ауыр соққы балып табылады. Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы НАТО әскери-саяси одақ болып табылады. Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін Кеңес Одағының қаупі төнген кезде Еуропа қауіпсіздігін сақтау үшін НАТО құрылған. Сондықтан НАТО Ресейдің Украинаға қарсы шабуыл жасауына орай ұзақ мерзімді стратегиясын қайтадан қолға алуға мәжбүр болды. Бұл стратегияның «қорғаныс мақсатында ма? әлде шабуыл мақсатында ма?» деген тақырыбы нақтылы анық емес. 

24 наурызда Брюссельде НАТО кезектен тыс мемлекет және үкімет басшылары саммиті өтті. Бұл саммиттің бірінші мақсаты Украинадағы НАТО мүше елдерінің әрқандай біреуіне соғыстың тарауын тосу. Бұл түйінде әсіресе Польшаға Ресейдің қаупі төнуде. Мысалы көптеген НАТО мүшесі ел Украинаның Ресейге қарсы тойтарысына қолдау беру үшін Польша арқылы әскери көмек жасауда. Бұл жағдай Польшаны Ресейдің нысанасына итермеледі. Соғысқа көрші болған басқа НАТО мүшесі елдерінде де ұқсақ қауіп бар.

Лидерлердің бағдарламасында орын алған басқа бір тақырып болса, НАТО-ның стратегиялық нысаналарының не екені. 2030 жоспары құжаты аясында Ресеймен әскери қағида бойынша саясат ұстануды ойлаған НАТО Украина жаулауынан кейін де бұл саясаттан бас тартпайды. Мысалы Ресейдің жаулаушы саясатының қашан тоқталатыны белгілі емес. Енді бір жағынан Ресейдің НАТО-ның Қырғи қабақ соғыстан кейін кеңеюінің тоқтауы, сондай-ақ тіпті кері шегінуі тақырыбында қасарсуы да НАТО-ның Ресейді қауіп ретінде қарауынан туындауда. Алайда НАТО мүшесі елдерінің бұл түйінде бірдей көзқараста екенін айту қиын. Брюссель саммиті осы тұрғыдан алғанда өте маңызды. Осы елдің барлығы Ресейдің заңсыз шабуылдарына қарсы үн қатты. Бірақ нақтылы қадам басу жайлы ақырын әрекет етуде.

Ресейдің НАТО-ға қарсы шығуының бір себебі де мүше елдердің қорғаныс күштерін арттыруы тақырыбындағы талпыныстары. Бұл тақырыпта ұзақ уақыттан бері жүргізілген бір саясат тілге тиек болумен қатар Ресейдің жаулауы бұл саясатты тездетуде. Мүше елдер арасында қарулануға ең аз инвестиция салған Германияның өзі 100 миллион евролық әскери бағдарлама бастады. Алдымыздағы кезеңде Еуропада қарулануды тездетуге мәжбүр. НАТО да барлық мүше елдеріне қорғаныс күштерін арттыратын ортақ бағдарламаны көбейтуге зәру. Алайда НАТО мүшесі елдер арасында жалғасқан бәсеке бұл түйіндегі бір мәселе болуы мүмкін.

Мысалы АҚШ-тың Түркияға жасаған санкцисы НАТО-ның принциптеріне қайшы. Басқа НАТО мүшесі елдерінің де Түркияға ұстанған тұғырлары одақтасқа зиян тигізуде. Түркия мен Грекия арасында бір талай уақыттан бері жалғасқан дағдарыс әлі де жалғасуда. Сондықтан Ресейдің жаулауы мұндай саясаттан бас тартуы үшін бір орай болуда.

Ресейдің жаулау саясаты тек Еуропа қауіпсіздігіне зиян тигізумен қатар әлем саясатына болымсыз ықпал жасайтыны баршаға аян. Бұл соғыстың тезірек доғарылуы керек. Әйтпеген жағдайда кең көлемді бір соғыстың басталуы мүмкін.

 



Ұқсас жаңалықтар