Апталық Анализ 29

Ресейдің халықарадағы абыройы айрандай төгілді.

1798213
Апталық Анализ 29

Ресей Украинадағы жаулау әрекетін жалғастырған кезде, орыс армиясының Украина территориясындағы шығындары күн сайын артуда. Ресей президенті Владимир Путиннің тоң мойындық қателері салдарынан Ресейдің халықарадағы абыройы айрандай төгілді. Сонымен қатар Ресей қадағалаудың астына алынды. Путиннің Сириядан Асад режиміне қарасты сарбаздарды Украинаға әкеле бастады. СирияБұл жағдайдан Украина соғысының Сириядағы нәтижелерінің күтілгеннен тіпті ерте жарыққа шығатынын байқай аламыз.

Ресей оңай бір жеңіс іздеген кезде, Украинаның батпағына батып шыға алмай қалды. Соғыстың үшінші аптасына келгенде әлі маңызды қалаларды ала алмаған және әуе үстемдігін көрсете алмаған бір орыс армиясын көріп отырмыз. Орыс армиясы батыл және табанды Украина әскерлері алдында ауыр шығындарға ұшырауда. Әскери жақтан жалғастыра алмайтын бір жағдай тілге тиек болуда. Орыс армиясы құрлықта ілгерілей алмауда. Осы жағдайға орай Путиннің Орташығыста мыңдаған еріктілердің Украина соғысында орыс армиясында орын алғысы келгендерін жариялауы барлық назардың тағы Орташығысқа, әсіресе Сирияға аударылуына себеп болуда. Путин Украина соғысында әрине Сириядағыдай сияқты жеңіске жететінін ойлауда. Путиннің қиялы Асад режиміне қарасты сарбаздарды Украина соғысына әкелу арқылы тезірек жеңіске жету.

Алдымен Сирия территориясындағы әскери күштері Ресей, сонымен қатар Асад режимі үшін пайдалы. Ресей әскери жақтан Украинаға шоғырланған кезде, Сириядағы әскери жасақтарды және әсіресе тәржірибелі ұшқыш пен арнайы күштерді Украинаға әкеле бастады. Сондай-ақ «Вагнер» жасақтары де Украинаға баруда. Түрік Қорғаныс өнеркәсібінің мақтанышы «Bayraktar TB2» жауынгерлік ұшқышсыз әуе аппараттарының орыс конванционел күші алдындағы табыстары да Түркияның Сирияда да білегі орыстарға қарсы күшеюде. Бұғаздардың орыс кемелеріне жабылуымен орыстардың Сириядағы әскери жабдықтарын әкелу жұмыстары  қиынға түсті. Халықаралық санкция астындағы орыс экономикасының Асад режиміне енді қашанға дейін көмек бере алатыны беймәлім.

Бұндай болған жағдайда АҚШ қатарлы батыс блоктың Сирияға, сондай-ақ орыс әскери күштеріне және оның одақтасы болған Асад режиміне деген көзқарастары түбегейлі түрде өзгереді. Режимнің Ресейдің қолдауымен халықаралық орнын заңдастыруы енді мүмкін емес. Сирияда саяси және әскери күштердің бағыты бұдан кейін көбінесе Түркия және Сирия оппозициясының пайдасына қарай ауады. Асад режимінің саяси шешім процесінен гөрі әскери шешім ізденістері де бұдан кейін жүзеге аспайды. Жаңа тепе-теңдікте өз мүдделерінен бас тартып, саяси шешім процесінің бір бөлшегі болуға мәжбүр. Әйтпеген жайдайда жаңа әскери тойтарыстарға тап болады. Украина соғысының ұзаруы және кең таралуы Сириядағы тепе-теңдік маңындағы шиеліністі  ушықтырады



Ұқсас жаңалықтар