Апталық Анализ 21

Ресей Украинаға қарсы ұзақ уақыттан бері қысым жасап келді.

1766125
Апталық Анализ 21

Ресей Украинаға қарсы ұзақ уақыттан бері қысым жасап келді. Соңғы айларда бұл қысым барған сайын артып, әскери килігуге қарай бет алды. Америка Құрама Штаттары және Еуропа елдері қол қусырып отырған жоқ. Олар Ресейге ескерту жасады. Тараптардың жасаған мәлімдемелеріне қарағанымызда бір сәтте үлкен соғыстың басталуы ықтималы бар.

Көптеген маңызды геосаяси тақырыпта АҚШ және батыс актерлерін байқап сынап көрген Путин әрі олардың лидерлік әлсіздігінен, әрі саяси тұғырының жұмсақтығынан пайдалана отырып, өзінің ықпал алаңын кеңейтті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің де атап өткеніндей Путин ақырын ақырын Жаңа Кеңестер Одағын құруға талпынуда. Украинадан Грузияға, Сириядан Ливияға дейін маңызды қақтығыс алаңдарында Батыс елдері Ресейге қарсы мықты бір саяси тұғыр көрсете алмады. Әсіресе Байден кезеңінде АҚШ-тың да жаңа бір саяси тұғыр ұстана алмағанын көрудеміз. Осы олқылықтарды Ресей аяғына дейін толтыруға тырысуда.

Әслінде Украинада қазір жалғасқан процесс те адамға ой салуда. Ресей Киевте өзіне қарсы бір қауіп ретінде көрген билікті қаламауда. Путин барлық мүмкіндіктерімен Украинаны нысанаға алған кезде, бұл ел Түркия, Ұлыбритания, Польша сынды бірнеше елдің тысында батыс елдерінен мықты қолдауға ие бола алмады. Америка Құрама Штаттарының болса Байден кезеңінде уәделерді орындай алмағаны және Ресейге қарсы Украинаның мұқтажы болған қауіпсіздігін сақтай алмағаны байқалуда. Бұл жағдай НАТО және АҚШ-пен үстелге отырған Ресейді тіпті де жігерлендірді. Германия болса тарихи бір қателік жасап, қалыс қалу саясатын ұстанды. Германия мүмкін бір Ресей жаулауы жарататын геосаяси қаупінен ең көп зиян көретін елдің бірі.

Әрине жаулау ықтималы аз. Алайда Ресей Киевтегі билікті қатты әлсіретеді. Донецк және Қырымның территория тұтастығын сақтайтын түрде бір әскери килігуінің болуы таң қаларлық жағдай емес. Ресейдің жүздеген әскерді шекараға жинауы, стратегиялық әскери күштерін Беларусьқа орналастыруына қарамастан АҚШ әлі нақтылы қадам баспады және тек экономикалық санкциядан ғана сөз қозғауда.  Ресей Украинаға кірген жағдайда АҚШ және Батыс елдерінің Ресейге қарсы қатал тойтарыс беретіні және экономикалық санкция жасайтыны баршаға аян. Путиннің Украина тақырыбында жеңіске жететінін ешкім кесіп айта алмай отыр.

 

 



Ұқсас жаңалықтар