2022 жыл үшін стратегиялық болжамдар

Мурат Йешилташтың анализі

1755151
2022 жыл үшін стратегиялық болжамдар

Мемлекеттер Ковид-19 пандемиясының қиратушы әсерлерінен құтылуға тырысқан кезде, жаһандық саясатта 2021 жылы тамырлы бір өзгеріс болмады. Байден міндетке келгеннен кейін Америка Құрама Штаттарының жаһандық жүйеде одан да ықпалды рол алып, орталығы Америка болатын либерал тәртіпті түзетуіне бағытталған ынталар да көп нәтиже бермеді.  Керісінше 2021 жылға таңбасын басқан жаһандық оқиғалар жаһандық лидерлік кемшілігінің одан сайын нашарлай түскенін, климат өзгерісін де қосқанда жаһандық басқару проблемаларының шешілмегенін және Қытай, Ресей және басқа да шарықтап келе жатқан актерлердің өздеріне алаң ашу үшін бәсекелестік кезеңіне кіргенін көрсетеді. Осы шеңберде халықаралық жүйеде жалғасып келе жатқан өзгеріс және үлкен күш бәсекелестігінің кері оралуы жаһандық белгісіздікті арттырып отыр.  Түркия секілді көптеген елдің сыртқы саясатын қайтадан талқылауға және халықаралық аренадағы тұғырларын қайтадан реттеуге мәжбүр қылады.

SETA /  Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы Проф. Др. Мурат Йешилташтың осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

**

2021 жылы бойы болған негізгі жаһандық геосаяси трендтерді назарға алатын болсақ, барлық нәрседен бұрын үлкен күш бәсекелестігінің немесе көбісі «Жаңа қырғиқабақ соғыс» деп атаған жағдайдың жаһандық саясатта билік құра бастағанын және ықпалының алдағы уақытта одан да көп сезілетінін көріп отырмыз. 2021 жылдың қыркүйек айының ортасында Америка Құрама Штаттары мен Қытай бәсекелестігінің ең үлкен мысалын қалыптастырған AUKUS Тынық мұхит аймағында Қытайға қарсы әскери, саяси және экономикалық желіні қалыптастыру мақсатымен бірден ортаға шыққан бастама ретінде қаралды.

Сонымен қатар Америка Құрама Штаттары мен Қытай бәсекелестігі жалғасып жатқан үлкен күш бәсекелестігінің тек бір жағы ғана.  Ресейдің соңғы кездердегі шабуылдаушы саясаты мен жақын төңірегінде жүргізген әскери әрекеттері батыс пен Мәскеу арасында жаңа қырғиқабақ соғыс келіспеушілігін түбегейлі қылып отыр. Көбіне Украина мәселесінде көрінетін осы келіспеушілік жаһандық күш күресінің екінші жағын қалыптастырады.

Сонымен бірге осы оқиғаларға қарамастан Америка Құрама Штаттары мен НАТО секілді батыстық одақтар Ресейге жауап ретінде стратегиялар анықтауға тырысуда. Алайда нақты стратегия әлі шықпады. НАТО бір жағынан Ресейдің істеріне алаңдағанын және Ресеймен диалогқа дайын екенін білдірді. Америка Құрама Штаттары болса Украинаға әскер жолдамайтындарын, алайда Ресейге ауыр экономикалық санкциялар жүргізетінін, украиндарға қосымша қорғаныс материалдарын жіберетіндерін және НАТО одақтастарын күшейтетінін хабарлады.  Алайда Ресей осы ескертулерге құлақ асты деуге болмайды.  

Жаһандық саясаттың негізгі ротасын айқындайтын басты динамика АҚШ пен Ресей бәсекелестігі болса да осы бәсекелестіктің көлеңкесінде әсіресе Таяу Шығыста жаңа процесс басталды.  Аймақта аймақтық жаңа тәртіп таластарын өршітетін маңызды өзгерістер болып жатыр. 2021 жылдың басынан бері аймақ елдері өз араларында аз келіспеушілік және көп ынтымақтастықпен нәтижеленген бір қалыпқа ену процесін бастады. Аймақтық қалыпқа түсу арқылы параллель жүрген, 2021 жылға болмаса да алдымыздағы жылдарға таңба басатын келіспеушілік алаңы болса Иранның ядролық бағдарламасы.  Иран мен Америка Құрама Штаттары және Израиль үштігінде одан да ірі дағдарыс ықтималы аймақ елдеріне қатты әсер ететіндіктен Иран оқиғасы арнайы назар салуды талап етеді.

Түркияның да 2022 жылы артып отырған жаһандық және аймақтық бәсекелестік атмосферасында дайын болуы үшін жаңа стратегиялық әзірліктерді бастағаны белгілі. Осы шеңберде Түркия стратегиясын нығайту және жақын болашақта қалыптасуы мүмкін рисктерден аулақ болу үшін ресурстарын қалай қолданатынын қазірден-ақ жоспарлай бастады. Айырықша аймақтық және халықаралық саясатта өзгерген геосаяси динамикалар аясында Түркияның белгілі қауіпсіздік аймағына көңіл бөліп, стратегиялық тұрақтылық және төзімділігін сақтай алмайтынын айтып өту керек. Үкімет те осыны байқап отыр.  Түркияның геосаяси стратегиясы макро деңгейде жаһандық және аймақтық оқиғалардан зиян көргендіктен, белгілі мемлекеттер мен мемлекет тысынан актерлер тарапынан «қолданылғандықтан» Түркияның жақын аймақтарында қауіпсіздік қатерлерінің бір бірімен байланысты екені ашық. Түркия қазір Қаратеңіз, Жерорта теңізінің шығысы  және Таяу Шығыс секілді көп векторлы рисктермен бетпе-бет. 2022 жылы осы салада үлкен қозғалыс күтілмейді. Таяу Шығыстағы жұмсару жыл бойы жалғасуы мүмкін және Түркия мен Мысыр, Израиль және Сауд Арабиясы арасында жақсы жаңалықтар болуы мүмкін. Грекиямен жаңа келіспеушілік шығу ықтималы бар.

Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастарда  «ойын өзгертетін» бір өзгеріс әзірге жоқ, алайда F-16 әскери ұшақтарының қамдалуы мәселесі екі жақты қарым-қатынастар тұрғысынан ең маңызды сынақтардың бірі. Мәскеу мен Анкара байланыстары болса 2022 жылы мықты сынақтан өтеді. Украина мен Сирия осы шеңберде еске бірден келетін тақырыптар арасында.

Жаһандық жүйеде күш күресі артып жалғасады. Түркияның сыртқы саясатына да осы күрестің әсер етпеуі мүмкін емес.

 



Ұқсас жаңалықтар