Апталық Анализ 17

Астана процесіне байланысты 17-ші жиналыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

1752254
Апталық Анализ 17

Астана процесіне байланысты 17-ші жиналыс ұзақ уақыттан кейін Түркия, Ресей және Иран делегацияларының қатысуымен  21-22 желтоқсанда  Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Сирия тақырыпты жоғарғы деңгейдегі жиналыста Сириядағы соңғы жағдай, терроризм және бөлшектеушілікпен күрес, босқындардың еліне оралуы сынды тақырыптар қолға алынды.

Сирияда бірталай уақыттан бері үлкен әскери қақтығыстар болмады. Саяси шешім процесі де тұңғиыққа барып тірелді. Сирия дағдарысына шешім табу мақсатты қалыптастырылған Астана келіссөзінің кепілгерлері Түркия, Ресей және Иран делегациялары Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші рет бас қосты. 17-ші реткі бас қосуда Сириядағы қазірге жағдай қолға алынды. Алайда тараптардың тұғырында әлі бір өзгерістің болмағаны байқалды. Жиналыстан кейін жасалған мәлімдемеде «Саяси шешім процесіндегі соңғы жағдай, Идлибтегі оқиға, гуманитарлық жәрдем және терроризммен күрес тақырыптары талқыланды» делінді. Бұл сөздер қолданылған кезде әсіресе Түркия Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған «Тараптар террормен күрес сылтауымен жүзеге асыруға тырысқан заңсыз әрекеттер қабылдануға болмайды. Евфраттың шығысындағы бөлшектеуші күштер тарапынан халыққа бағытталған шабуылдар және қысымдардан мазасызбыз. Осы тұрғыдан алғанда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-мен күрес жөніндегі табандылығымыз жалғасады» деген сөздерге қатты көңіл бөлді.

Түркия Ресей және Иранның террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы бағытталған екіұдай тұғырынан қатты мазасыз болуда. Ресейдің Сирия режимі мен PKK/YPG арасында жүргізген кездесулері, сондай-ақ Түркияның мүмкін бір операцияларына қарсы тұру талпынысы Түркияның күдіктерін де арттыруда.

Террор ұйымы PKK/YPG қазір әлі Евфраттың шығысында мөлшермен 45-50 шаршы километрлік бір алаңды бақылау астына алуда. Осы аймақтарда әсіресе Түркия шекара желісінде Ресей және режим күштері де PKK/YPG-лік террористтермен бір шепте болуда. Оңтүстікте болса АҚШ әскерлері бар. Евфраттың батысында Тель-Рыфат және Манбиджте де жағдай бірдей.  PKK/YPG-лік сарбаздар осы аймақтарды Түркияның бақылауындағы алаңдарға қарсы террор әрекеттері үшін қолдануда. Анда-санда тікелей түрде түрік әскерлеріне қарсы лаңкестік шабуылдар жасауда. Түркияның қазіргі жағдайды қабылдауы мүмкін емес. Бұдан бұрын президент Режеп Тайып Ердоғанның да атап өткеніндей бұл аймақтағы террорист күштері түбегейлі түрде Ресей және режим күштері тарапынан тазаланады немесе Түркия тікелей бір әскери операция ұйымдастырады.

Ресейдің Түркияның сезгірліктері және террор ұйымы PKK/YPG тақырыбында ұлттық қауіпсіздігіне байланысты қауіптерді көздей отырып тұғырын өзгертуі керек. Әйтпеген жағдайда Сирияда шешімнің болуы мүмкін емес.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар