Апталық Анализ 16

​​​​​​​Бірталай уақыттан бері Орташығыста дипломатиялық жақтан қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесі болуда.

1749411
Апталық Анализ 16

Бірталай уақыттан бері Орташығыста дипломатиялық жақтан қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесі болуда. Қақтығыстардан кейін аймақтың алдыңғы қатардағы актерлері соғыстан дипломатияға өту жол қартасын ортаға қойды. Мұндай қарым-қатынасты қалыпқа түсіруді алдымен Израиль мен Ибрахим келісімі аясында Біріккен Араб Әмірліктерімен бірге Трамп кезеңінде басталған еді. Одан кейін осы процеске Бахрайн және Марокконың қатысумен Израиль-Араб қарым-қатынастарының қалыпқа түсуі тіпті кең көлемді болды.

«Араб Көктемі» аймақ елдірін бір-бірімен соғыстыруға апарып соқты және Сирия, Ливия, Йемен, Иран сынды көптеген елдірді әлсіретті. Түркияны қамтыған Сауд Арабиясы, Иран және Мысыр қатарлы аймақтың дәстүрлі күштері энергияалрын өз қауіпсіздіктерін орнатуға жұмсады. Біріккен Араб Әмірліктері және Катар сынды кішкені Шығанақ елдері де осы процесте әбден шаршады. Израиль күн сайын өзіне бағытталған қауіптер көбейсе де осы процестің ең ұтымды елі ретінде байқалуда. Мысалы бір жағынан Араб елдері өз арасында бөлініп және әлсіреген кезде, аймақтағы екі маңызды бәсекелес елі Иран мен Түркия Сирия арқылы өзара өкілдік соғысына кірді.

Мұндай бір әрекет алдымен Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында болды. «Араб Көктемінен» кейін бепте-бетке келген екі актер аяғында ымыраласуды таңдады. Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа түсіру процесі болса, өткен күндерде Израиль премьер-министрінің Араб Әмірліктеріне жасаған сапарымен маңызды түйінге жетті. Тарихта алғаш рет бір Израиль премьер-министрі Біріккен Араб Әмірліктеріне барып келісімге қол қойды. Нафтали Беннеттің сапары қарсаңында Катар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды күтіп алды. Ердоған аймақтың стратегиялық маңызға ие елімен қарым-қатынасын күшейтіп, осы сапар арқылы Катардың Түркия үшін қаншама маңызды екенін түсіндірді. Доханың басқа қонағы болса, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман еді. Бұл 2017 жылы Катар қысымынан кейін қарым-қатынасты қалыпқа түсіру процесінің шыңы мағынасындағы бір сапар болды. Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа түсіру талпыныстары мен Түркия-Мысыр және Түркия-Израиль арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа түсіру талпынастары да назарға алынатын болса, онда аймақта жаңа бір ымыраласу кезеңі туылуы мүмкін. Алайда көп үміттену де дұрыс бір тұғыр емес. Бұның бірнеше себептері бар.

Біріншісі, қарым-қатынасты қалыпқа түсіру талпыныстарының жаһандық деңгейде өрбіген бәсеке кезеңінде болуы. АҚШ-Қытай және Ресей-Батыс арасындағы бәсекенің күн сайын күш қақтығысына қарай бет алған бір кезеңде былықпаның аймаққа болымды ықпал жасауы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда басқа жағдай болса, АҚШ-тың назарын Қытайға аударып, Орташығысты өз күйіне тастаған бір тұғырдың ұстануы. Джо Байден әкімшілігі бұның керісінше бір мәлімдемелер жасаса да Ауғанстанда болған оқиғалар Орташығыстағы актерлер үшін бір сабақ болып табылады.

Екіншісі маңызды тақырып болса, аймақтық деңгейдегі мәселелердің әлі де шешілмеуі. Сирия, Ливия, Ливан, Йемен және Ирак сынды елдер қақтығыста бірінші орынды алуда. Қақтығыстың аяқталғанын айту әлі ерте. Басқа бір себеп болса, қақтығыстың саяси күрес жүргізген шептерде бір ымыраға бара алмауы.

Үшінші және ең маңызды мәселе болса, Иранның ядролық саясатының белгісіз болуы. Вена келіссөздерінен бір нәтиже шығуы үшін Тегеран әкімшілігінің қатал тұғырынан бас тартуы керек еді. Мәселенің шешілмеуі Израильдің Иранға бағытталған әскери шаралары үшін Лондон, Вашингтон және Шығанақ желісін бірдей тұғырда ұстап тұру ықтималы артуда. Бұл ықтималдың әскери қақтығысқа айналу қаупі аймақ тұрғысынан қарым-қатынасты қалыпқа түсіру талпыныстарын түбегейлі түрде жою деген сөз.

Қорыта айтқанда, қарым-қатынасты қалыпқа түсіру өте қиын және күрделі бір мәселе.



Ұқсас жаңалықтар