Апталық Анализ 14

Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынастары қалпына түсуде.

1742263
Апталық Анализ 14

Біріккен Араб Әмірліктерінің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның Түркияға жасаған сапарынан кейін көптеген бақылаушы Түркия-Шығанақ қарым-қатынастарының болашағы жайлы дау-дамай бастады. Заидтің Түркия сапары 2011 жылынан осы таңға дейін екі ұқсамаған көзқараста болған және бәсекелескен екі елдің қарым-қатынастарының жеткен түйіні тұрғысынан өте маңызды. Сапар арқылы тараптар арасында 10 миллиард долларлық сауда және инвестиция келісімдерінің жасалуы болса қарым-қатынастардың болашағын көрсетуі тұрғысынан өте ерекше болды. Саяси тұрғыдан соңғы он жылда өзара қатал саясат ұстанған екі елдің экономикалық қарым-қатынастары осы қаталдықтан жарақат алмаса да сапардың аймақтың болашағы үшін өте маңызды еді.

Екі ел бірталай уақыттан бері жақындасу тақырыбында өзара қадамдар басқан еді. Алайда ешкім де қарым-қатынастардың тез қарқынды түрде қалыпқа түсуін күтпеген болатын. Әрине жақындасудың кейбір себептері болды. Сапар барлығынан бұрын аймақтық және жаһандық өзгерістің тікелей бір нәтижесі болып табылады. АҚШ Байден әкімшілігінің Орташығыс және Шығанақ тақырыбында Трамп кезеңіндегі саясаттарды ретке салған бір тұғыр ұстануы Біріккен Араб Әмірліктері сынды Шығанақ елдерін алаңдатты. Байден билік басына келісімен-ақ Трамптың Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясына ұсынған жеңілдік саясатынан бас тартты. Сонымен қатар Байден ядролық саясаты себепті Трамп кезінде Иранға бағытталған қатал қысым саясатынан да бас тартты. Бұл жағдай Иран алдында әлсіз қалған Шығанақ елдері ізденіске кірісті.

Наразылық ретінде аймақ елдері басқа аймақ елдерімен болған кикілжіңді азайту шешімін жасады. Әсіресе Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында ұзақ уақыттан бері жалғасқан және Йемен тақырыбындағы келіспеушілік екі Шығанақ ел арасындағы байланысты да бұзған еді. Сыртқы саясатта шынайы болған Біріккен Араб Әмірліктері осы жағдайды Түркиямен жақындасу үшін бір орай ретінде қарады. Осылайша басқа аймақ елдерінен бұрын әрекет жасап, Түркиямен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру жөнінде үлкен бір қадам басты.

Қарым-қатынастардың оңалуын Түркия да қалайтын. Бұл бір жақтылы бір процесс емес. Анкара да бірталай уақыттан бері келісе алмаған аймақ елдерімен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру үшін ізденіс жүргізген еді. Түркияның Мысыр, Израиль және Сауд Арабиясы сынды елдер арасында белгілі ілгерлеушілік болғанымен әлі толық бір нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Араб Әмірліктерімен қарым-қатынастардың қалыпқа түсуі басқа елдермен салыстырғанда тіпті шынайы болды. Сондай-ақ Түркия осы тақырыпта ашық дипломатияның алдына бір кедергі қоюды таңдамады. Мысалы Анкара соңғы кездерде өзіне қарсы аймақта қалыптасқан топтасуды жоюға тырысуда. Анкараның қазіргі саясатын Грекия және Оңтүстік Кипр маңында қалыптасқан одақтасты тарату ізденісінің де бір бөлшегі ретінде қараған дұрыс. Біріккен Араб Әмірліктерімен жақындасу міне осындай бір кезеңде жүзеге асты.

Ендігі мәселе осы қарым-қатынастардың қалыпқа түсуінің бір жақындасуға себеп болып болмауында. Күдіксіз Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркия Ливия, Мысыр және Сирия тақырыптарында саяси ізденіс ішінде. Алайда Біріккен Араб Әмірліктерімен қарым-қатынастардың қалыпқа түсуі Түркияның Мысыр және Сауд Арабиясымен жақын байланыста болуы мүнкін. Ондай болған жағдайда аймақтық дағдарыс ақырын ақырын шешіледі. Осылардың жүзеге асырылуы үшін 2022 жылының кем дегенде алғашқы тоқсанын күткен жөн.



Ұқсас жаңалықтар