Апталық Анализ 11

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымидің үйіне қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасалды.

1733402
Апталық Анализ 11

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымидің үйі қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасалған шабуылға тап болды. Қауіпсіздік қайнар көздердің мағлұматтарына қарағанда Бағдаттың жасыл аймағында болған Казымидің үйі үш  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен нысанаға алынды. Шабуылда ғимарат қатты зақымдалды. Премьер-министр Мұстафа әл-Казыми аман-есен құтылды. Бұл шабуыл Иран қолдауындағы қарулы сарбаздар тарапынан жасалды. Әлемнің назары бұл оқиғаға ауды. 

Сайлаудан кейін Иракта саяси былықпа және тұрақсыздық ақырын-ақырын байқала бастады. Әсіресе сайлауда жеңіліске ұшырыған Иран қолдауындағы шиіт сарбаздары әскери күштерін қолдана бастады. Бұның соңғы көрінісі Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымидің ғимаратының қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен нысанаға алынуы еді. Ирактық қауіпсіздік лауазым иелері және қарулы топтарға жақын қайнар көздер премьер-министр Казымидің үйіне қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен ұйымдастырылған шабуылды Иран қолдауындағы қарулы топтардың жасағанын алға тартты. Аттарының жарияланбауы шартымен халықаралық баспасөзге мәлімдеме жасаған лауазым иелері шабуылда қолданылған қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары мен жарылығыштардың Иран жабдықтары екенін айтты.

Казымиге қарсы жасалған шабуылға барша әлем наразылық көрсетті. Түркияның да оқиғаны айыптаса, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесі де жасаған баспасөз мәлімдемесінде Казымидің үш  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен нысанаға алынуын қатал түрде айыптап, қылмыскерлердің тезірек ұсталуы және әділет органдарына тарсырып берілуі керектігін жариялады. Жасалған баспасөздерде барлық елдердің Ирак үкіметімен ынтымақтастық жасауы жайлы үндеу тасталды.

Америка Құрама Штаттары Ирактан шегінгеннен кейін Иран осы аймақта ойран салуға тырысты. Муктеда эс-Садр сынды Ирактың ұлтшыл топтары Иранның әрекеттерін тосуға атсалысты. Сайлауды да Садрдің басшылығындағы коалиция жеңіп алды. Сүнниттер де көп дауыс жинап қыр көрсетті. Бұл жеңіс қызғаныштың туылуына себеп болды. Иран қолдауындағы Хашди Шаби күштері бұл жеңісті қатты қызғанды. Олар қару әрекеттеріне өтті. Бағдат қатарлы көптеген түйінге шабуыл жасады. Премьер-министр Мұстафа әл-Казыми және Ирак армиясына қауіп төндірді. Мемлекетте тезірек жаңа саяси биліктің қалыптасуы және орталық армиясына қарасты сарбаз күштерді қаруландыру керек. Әйтпеген жағдайда қақтығыстар тіпті де ушығып, азаматтық соғысқа айналып кетуі мүмкін.

 



Ұқсас жаңалықтар