Апталық Анализ 10

Түркия мен АҚШ қарым-қатынасы.

1730089
Апталық Анализ 10

Өткен апта Римде Үлкен жиырмалық көшбасшылар саммиті өтті. Саммит аясында Президент Режеп Тайып Ердоған мен Джо Байден кездесті. Екі лидердің кездесуі Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының болашағы тұрғысынан өте маңызды еді. Ердоған мен Байден кездесуден бір апта бұрын болған елшілер дағдарысынан кейін өтуі маңыздылығын тіпті де арттырды. Елшілер дағдарысы шешілгенімен Түркия-АҚШ қарым-қатынасатрындағы басқа мәселелер күн тәртіпте болды. Кездесуде  нақтылы бір шешім әдісін таба алмады. Алайда кездесудің сәтті өтуі және мәселелердің шешіміне байланысты ынта-жігерлердің ортаға қойылуы Түркия-АҚШ қарым-қатынас дағдарысының ушығуын тосты.

Қарым-қатынастарда жаңа бір көкжиек ашу үшін күтілген ең маңызды болымды жаңалық Түркияның АҚШ-тан сұраған F-16 соғыс ұшақтардың алынуы және модернизациялаудың Америка Конгресінен өтуі болып табылады. Алайда АҚШ әкімшілігінің осы тақырыпта бір уәде бергенін айту өте қиын. Мысалы мұндай саудалар АҚШ-та Конгрестің бекітуі табиғи жағдай. Байден Конргесті көндіру үшін қолынан келгенін істейтінін айтқанына қарамастан мамандар Конгрестің бұл тақырыпқа оң қарамағанын пайымдауда. F-16 соғыс ұшақтардың алынуы және модернизация түйінінде екі ел бір келісімге бара алмаса, онда Түркия-АҚШ қарым-қатынастарында қорғаныс ынтымақтастығы дау-дамайға айналуы мүмкін.

Тағы бір тақырып та Сирияда АҚШ-тың YPG террор ұйымынына жәрдемінің жалғасуы.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның «сабырымыз таусылды» деген мәлімдемесі Түркияның таяуда Сирияда әскери операция жасауы жөнінде берілген бір сигнал ретінде түсінілсе де, әлі бір операция бастаған жоқ. Ердоған кездескеннен кейін қайтадан YPG-ге қолдау бергені үшін Байден әкімшілігін сынға тартты және бұл әрекеттің жалғасуының мүмкін емес екенін түсіндірді. Мұндай сындар айтылғандықтан таяуда Түркия мен АҚШ арасында Сирия тақырыбында келісімге баруының қиын екені баршаға аян.

Кездесудің әрине болымды жақтары бар. Джо Байден әсіресе Ауғанстан тақырыбында Түркияның істеген жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, Түркияның Ауғанстанда өте маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар Жерорта теңізінің шығысы және Ливия тақырыбында екі елдің ортақ жұмыс істейтінін баяндады.

АҚШ пен Түркия арасында екі үлкен мәселе бар: Бұлардың біреуі-сенім дағдарысы. Екі ел де бір-біріне деген сенімін жоғалтып алды. Екіншісі болса қауіпсіздік дағдарысы. АҚШ-тың әсіресе Сирия тақырыбында ұстанған саясаты Түркия үшін бір қауіпсіздік дағдарысына себеп болуда. Бұл екі дағдарысты шешпей, екі елдің жаңа бір парақ ашуы оңай болмайды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар