Апталық Анализ 9

Түркияның бөлшектеуші террор ұйымдарымен күресі табанды түрде жалғасады.

1727022
Апталық Анализ 9

Соңғы кезеңде Сирияның солтүстігіндегі әрекеттер артқан кезде, Түрік Қарулы Күштері мен оппозиция бірлесе отырып, террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы операция жасауда. Түрік және орыс әскерлер делегациясы мүмкін бір операция үшін кездесулерін жалғастыруда. Түрік Қарулы Күштері мен Ұлттық барлау ұйымына қарасты Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары болса PKK/YPG-нің ауыз жүзіндегі жоғарғы лауазымдарын нысанаға алуда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның «енді сабырымыз таусылды» деген мәлімдемесінен кейін PKK/YPG-ге қарсы операциялар артты. Түрік Қарулы Күштері және Сирия Ұлттық армиясы әрі Сирияның солтүстігіндегі, әрі батысындағы әскери жасақтарын көбейтті. PKK/YPG болса бір жағынан пропаганда жасап, халықаралық бұқаралық пікір жинауға тырысса, енді бір жағанын Түркияның бақылауындағы аймақтарға лаңкестік шабуылдар жасауда. Террор ұйымының әсіресе Тель-Рыфат, Манбидж, Ауе әл-Араб, Аун Иса және Тель-Тамир сынды аймақтарда әрекеттер жасағаны, туннельдер қазып жатқаны байқалуда.

Өңірде қақтығыстар тоқтаусыз жалғасуда.Сонымен қатар Түрік Қарулы Күштері және Ұлттық барлау ұйымына қарасты Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары аймақта көптеген PKK/YPG-нің ауыз жүзіндегі жоғарғы лауазымдарын залалсыздандыруда.

Қақтығыс барған сайын шиеленісуде. Түркияның мүмкін бір әскери операциясының процесі және көлемін болса, орыс әскери делегациясымен жалғасқан кездесулер белгілейтін сияқты. Егер өзара түсінісіп, бір келісім негізі қаланса, онда Сирияның солтүстігінде маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Әйтпеген жағдайда түрік-орыс дағдарысы, әсіресе Идлибтің соңтүстігінде жаңа бір соғыс шығуы мүмкін. Түркия болса бір жақтылы түрде түрлі аймақтарда террор ұйымы PKK/YPG-ні нысанаға алған операцияларын жалғастырады.

Ресейдің Сириядағы негізгі мақсаты әскери бір шешіммен Асад режимін мемлекеттің барлық жерінде қайтадан егемен қылу үшін Түркия мен АҚШ-ты шығару. Алайда Ресей бұл сценарийдің жүзеге асырылуының өте қиын екенін байқауда.

Қорыта айтқанда Ресейдің бір байсалды тұғыр, сондай-ақ жаңа бір шешім жасайтыны күтілуде. Сондықтан Ресейдің Түркиямен екі елдің де мүдделерін қорғайтын бір негізде келісімге баруы керек. Әйтпеген жағдайда былықпа жалғасады.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар