БҰҰ жаһандық әкімшілік жүйесінде орнын бекемдей алды ма?

Апталық Анализ – 06

1721407
БҰҰ жаһандық әкімшілік жүйесінде орнын бекемдей алды ма?

Қырғиқабақ соғыстың аяқталуымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ жаһандық әкімшілік жүйесінде өзіне орталықтан орын тапқанымен халықаралық жүйенің өзгерісіне параллель бір өзгеріс жасай алмады.

Бір полярлықтан туындайтын АҚШ-қа бағытталған жаһандық жүйеде БҰҰ стратегиялық ұйым емес, керісінше тактикалық «құрылғыға» айналды. Гуманитарлық күрес тақырыбында басты орынға шыққанымен Балканда серб геосаяси ашкөздік шабуылында және Африкадағы этникалық тазалық саясаттарында әсерлі бола алмады. Босния-Герцеговинадағы 8 мың мұсылманның Голландияның бақылауындағы БҰҰ аймағында этникалық қырғынға ұшырауы БҰҰ-ның қандай бір дағдарысқа дөп келгенін көрсетті. Косовода БҰҰ-ның орнына НАТО-ның аттанысқа келіп, тіпті үлкен қырғынды тосуы БҰҰ-ндағы вето жүйесінің жарамсыздығын дәлелдеді.

Қырғиқабақ соғыстан кейінгі жаһандық геосаяси, саяси, қауіпсіздік, экономикалық және қоғамдық ыдыраудан туындаған жаһандық басқару дағдарысы БҰҰ-ның «кемшіліктерінің» айқындалуына себеп болды. Бүгін БҰҰ бұрын болып көрмеген ауыр дағдарысқа ұшырап отыр. БҰҰ-ның құрылу философиясына бағытталған тікелей құқай көрсету ерекшелігіндегі осы дағдарыс ұйымның заңдылығына байланысты көлемді бір тергеуді де күн тәртіпке әкелді.

Заңдылық дағдарысының негізінде БҰҰ-ның геосаяси өзгерістерге қарамай, билікті әлі де бестік бір құрылымға тапсыруды жалғастыруы жатыр. Жаһандық жүйе Қырғиқабақ соғыстан кейін үлкен өзгерістен өтуде және бұл өзгеріс бес елдің билік жүргізуін жалғастыруы мүмкін емес екенін көрсетуде.

Көп полярлықты және көп орталықты халықаралық жүйе өзінің тағдырын бес елдің шешіміне тапсырғысы келмейтін өрлеген күш тарапынан қалыптасуда. Бұл жағдай БҰҰ-ның қазіргі геосаяси күш тепе-теңдігін бейнелеуден алыс екенін көрсетуде. Сонымен бірге БҰҰ ауыр өкілдік дағдарысына да дөп келуде. Жаһандық жақтан көп мәдениеттіліктен алыс және Батыс-орталықшыл бағыттағы сипатқа ие. Әрекет мәселесі БҰҰ-ның қазіргі күйімен жалғасуына да мүмкіндік бермеуде. БҰҰ халықаралық дағдарыстарға уақытында шара таба алмаған, дағдарыстың тереңдеуіне орай жаратқан және дағдарысты шешуде тар өрісті мүддешілдікті негіз еткен ұйымға айналып отыр.

Айқын болу БҰҰ дөп келген заңдылық мәселесін тіпті де тереңдетуде. Шешімді жасау әдісі, жасалған шешімдердің дағдарыстың табиғатына үйлеспеуі БҰҰ-ның айқын бір ұйым болудан алыстағанын көрсетуде. Осындай бір ұйымның жаһандық жүйеде тұрақты болуы қиын болғанындай, мемлекеттерді өз шешімдерін жасайтын механизм құруға итермелеуде.

Жаһандық жүйенің әсіресе Ковид-19 індетінен кейінгі терең шайқалысы Қырғиқабақ соғыстан бергі халықаралық саясаттың сипатында көлемді бір өзгеріс болатынын бейнелеуде. Бұл өзгеріс күш бөлісінің қайтадан қалыптасуы тұрғысынан ғана емес, күш салмағының Батыстан Шығысқа қарай ауғанына меңзеуде. Батыстың геосаяси үстемдігінде өткен екі жүз жылдық геосаяси дәуір Шығыстың геосаяси тепе-теңдігімен жаңа бір геосаяси дәуірді дүниеге келтіруі мүмкін. Күш бөлісі мен геосаяси тәртіп түбегейлі өзгеретін, алайда бұрынғы дәуірлерден өзгеше көп ұлысты бір жаһандық жүйе пайда болатын жаңа дәуірде БҰҰ-ның реформа жасауы өте маңызды және өте шұғыл бір мәселе болмақ.

Жаһандық күш бөлісін елемеген және жаһандық мәселелерге уақытында ықпалды да шұғыл шешім таба алмаған жағдайда БҰҰ-ның заңдылық дағдарысы асқына түседі. Осы дағдарыс қазіргі халықаралық заң тәртіп ішінде балама нормалардың пайда болуы мен қосалқы бір құқық жүйесінің қалыптасуына себеп болады. Қазірдің өзінде балама аймақтық ұйымдардың саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласында жасаған шешімдері БҰҰ орталықты нормалардың орнын аймақтық орталықты нормалардың ала бастағанын көрсетуде. Сонымен бірге ұлыстан жоғарғы бір ұйым ретінде БҰҰ-ның орнына балама аймақтық ұйымдардың құрылуы БҰҰ-ның жойылуына немесе әсерін азайтуына себеп болуы мүмкін көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар