Қытай мен АҚШ дағдарысы жалғасуда

Апталық Анализ – 04

1715817
Қытай мен АҚШ дағдарысы жалғасуда

АҚШ, Ұлыбритания және Австралия арасында қол қойылған жаңа қауіпсіздік келісімі Қытай мен АҚШ дағдарысында тың саты ретінде қолға алынуы мүмкін.

Жаңа қауіпсіздік келісімі «AUKUS» ең алдымен жаһандық күш бәсекесі әскери шебінің бағытына байланысты маңызды бір анықтама береді. Әскери шеп күрестің тек бір саласын ғана қалыптастырады. Экономикалық шепте ымыраласу ізденісі болғанымен әскери шепте ешкім бағын сынамайды. Сол себепті алғашқы сатыда Қытайдың қандай қарымжы қайтаратыны маңызды болмақ. Пекиннің тыныштандыру ма, әлде қарсы-тепе-теңдікті сақтау ма? Қандай тұғыр ұстанатынын межелеу қиын болғанымен екі әдісті де қолданатынын айтуға болады. Бұл түсінік Қытайдың жоғарлау стратегиясының да негізін құрайды. Қорқытпай, үркітпей және қақтығыспай өрлеу әдісі. Қытайдың Жаңа қауіпсіздік келісімі «AUKUS»-қа қарсы әсері күтілгеніндей болды және мұны «жауапкерсіздік» деп бағалады.

Австралияның ядролық сүңгуір қабілетіне қол жеткізуі Қытай тұрғысынан маңызды және қауіпті. Біріншіден, АҚШ пен Ұлыбританияның барлау және әскери күшін Үнді-Тынық мұхиты аймағына созып, Пекиннің әрекет күшін шектеуі. Екіншісі, Австралияның шабуылшы қорғаныс қабілетін арттыру арқылы Қытайға қарсы әскери тепе-теңдігін бекемдеп, Қытайдың мұхиттық бағыттағы әскери күшті бақылауын баяулатуы.

Үшінші стратегиялық бетін қайтарудың Жаңа қауіпсіздік келісімі «AUKUS»-пен бірге Қытайға қарсы дайын тұрып, шабуылшы Қытай стратегиясының қалыптасуын тосу. Төртіншіден, Австралияның ядролық күшке айналу ықтималы. Бұл Қытайдың әрі шектелуі, қоршалуы, әрі Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты аймақтық актерлермен бірге ойлағанда көлемді бір тепе-теңдік стратегиясын қалыптастыру мағынасына келеді. Осындай қауіпсіздік ортасында Тайвань мәселесі де ерекше орынға шықты. Бұл жағдай Қытай мен Жаңа қауіпсіздік келісімі «AUKUS»-ты әскери жақтан бетпе-бет әкелуі мүмкін.

Жоғардағыдай стратегия алдында Қытайдың әрине көптеген талғамы бар. Мұның ең бастысы қарсы қарулану түйінінде агрессивті (шабуылшы) саясат атқаруы. Солтүстік Корея сияқты жүйе сыртындағы актерлер арқылы қарсы қарулану әрекетін жасауы және ұзақ алаңдарда АҚШ тастаған бостықты толтыру үшін сырттан одақтастар іздеуді жылдамдатуы мүмкін. Жаңа қауіпсіздік келісімінен кейін Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына толық мүше болып қабылданғанының жариялануы кездейсоқ емес болар. Вашингтонның басын ауыртқан істің Тегеранға жағатыны айқын.

Келесі бір талғам одақтастар арасындағы ең әлсіз елді нысанаға алу. Мысалы Австралияны. Қытай кешікпей бейресми болса да, Австралияға «Аяғыңды байқап бас» деген сәлем жолдады. Қытай үкіметінің халықаралық тақырыптар жайлы көзқарастарын жариялайтын Global Times-та шыққан бағаландыруда Австралия Қытайға қарсы ұйымдастырылған АҚШ бастаған стратегияда әскери жақтан шабуылшы бір бейне көрсете қалса, мұның қарымжысы қайтарылатыны білдірілді.

Мақаладағы көзге түскен жағдай «Жаһандық дағдарысқа кім ұзақ шыдай алады? Қытай ма? Олар ма?» деген құқай көрсетілген сұрақтың сұралуы болды. АҚШ пен Қытай дағдарысы халықаралық жүйедегі күш бәсекесін қайтадан тың белеске көтерді. Халықаралық жүйе өзгеруде және күш алмасуда. Басты сауал мынау: Билік ауысуы үлкен қақтығыс туғыза ма? Әлде соғыспен біте ме? Тарихта мұның қанды мысалдары көп.



Ұқсас жаңалықтар