Апталық Анализ 5

Түркия-Ресей қарым-қатынастары.

1713817
Апталық Анализ 5

Апталық Анализ – 05

Түркия-Ресей қарым-қатынастары Сирия және Ливия сынды геосаяси маңызға ие көптеген мәселелермен толған бір кезде Сочиде Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин бас қосты. Кездесу уақыты тұрғысынан алғанда өте маңызды. Лидерлердің барлық болымсыздық жағдайларға қарамастан оңқайлы тұғыр ұстанғанын байқаймыз. Әсіресе Президент Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ және Джо Байденге қарсы қатал мәлімдемелерінен кейін Сочи саммитінің өтуі екі ел үшін де өте пайдалы .

 

Түркия-Ресей қарым-қатынастары бірқатар маңызды геосаяси  сынақтардан өтуде. Ливияда Ресей де қолдаған Агила Салах Иссаның лидерлігіндегі Өкілдер мәжілісі үкіметке деген сенімінен бас тартты. Осы кезде Түркияның Қырымға бағытталған ұстанымы және Ресейдің Түркияның Польша және Украина сынды елдерге TB2 қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын сатуына байланысты анда-санда дағдарыс туылды. Алайда әрқашан болғандай екі ел арасындағы ең маңызды мәселе Сирия болған еді. Әсіресе соңғы апталарда Ресейдің жүйелі түрде Идлибті бомбалауы және Ұлттық армияға қарасты қарулы күштерді тікелей түрде Афринде нысанаға алуы үлкен бір дағдарыстың туылуына себеп болды. Түркия бұл жаңа әскери әрекеттерді Идлибке бағытталған бір әскери дайындық ретінде қарап, өңірге қосымша әскери күш жіберді. Одан кейін Ұлттық Қорғаныс министр Хулуси Акар кейбір мәлімдеме жасап, алаңдағанын айтудан тартынбады. Ресейдің бұның алдындағы Сочи келісімі аясында PKK-ның Сирия қанатының Түркия шекарасынан 32 шақырым қашықтыққа кері шегінуі керек болуына қарамастан уәделер орындамауы да үлкен мәселенің туылуына апарып соқты.

Осындай бір кезеңде екі лидердің жаңа бір саммит өткізіп кездесуі Түркия-Ресей қарым-қатынасы тұрғысынан үлкен маңызға ие болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі жиналысы аясында АҚШ сапары барысында жасаған мәлімдемесінде Джо Байденді сынға тартып, Путин және Түркия-Ресей қарым-қатынастары жайлы болымды сөздер айтуы Сочидегі жаңа саммиттің маңыздылығын тіпті арттырды. Саммитте екі лидер Сирия, Ливия, Ауғанстан сынды маңызды тақырыптармен қатар энергия, геосаяси және экономикалық қарым-қатынастарды да қолға алды. Әрине жарияланбаған маңызды тақырыптар да болуы мүмкін. Саммиттің нәтижелері алдымыздағы күндерде тіпті айқын байқалады. Қорыта айтқанда Ердоған мен Путиннің Идлиб қамтылған барлық тақырыптың екі ел қарым-қатынастарына зиян тизігуіне рұқсат бермейтінін көрудеміз.

 



Ұқсас жаңалықтар