Түркия қарулы ұшқышсыз әуе көлігіндегі мәртебесін өсірді

Апталық Анализ – 02

1711234
Түркия қарулы ұшқышсыз әуе көлігіндегі мәртебесін өсірді

Байрактар Акынжының Жойғыш ұшқышсыз әуе көлігі «TİHA» Түрік Қарулы Күштерінің құрамына кіруімен бірге Түркия қарулы ұшқышсыз әуе көлігіндегі мәртебесін дәлелдеді.

Байрактар Акынжының Зерттеу -дамыту-сынама-өндіріс-тапсырып беру процесінің қорғаныс өнеркәсібінің шарттарын ойлағанда жылдам аяқталуы маңызды бір табыс болмақ. Сонымен бірге соңғы екі жылда технология секторына да әсер еткен пандемияның жұмыс шарттарын қиындастырғанын да ескерген жөн. Басқа платформалар Анка, Аксунгур, Карайелмен салыстырғанда Түркияның ұшқышсыз әуе көлігі күшін бекемдеуінің артында көптеген фактор бар. Осы факторларға қысқаша тоқталайық.

Алдымен қорғаныс өнеркәсібі саласында және саясатында туылған үлкен өзгерістер. Осы түйінде Қорғаныс өнеркәсібі 2004 жылғы Атқару комитеті жиналысында жасалған шешімдер өміршең маңызға ие. Президент Режеп Тайып Ердоғанның сол кезде екі басты мақсаты болды. Бұлар: Шетелге тәуелділікті азайту және жергілікті-ұлттық мүмкіндік пен қабілетті дамыту үшін қорғаныс өнеркәсібін күшейту. Нәтижеде осы бағытта стратегиялық бір қадам басылды және құны 11 миллиард долларлық көбі шетелден қамдалған жобалар күшін жойды. Осылайша жергілікті-ұлттық мүкіндіктерді негізге алған талпыныстар жасалды. Әрине бұл шешім 1984 жылғы қорғаныс өнеркәсібі талпынысының толықтаушы бөлшегі еді. Алайда көлемі жағынан мұқтаж болған стратегиялық өнімдердің жергілікті-ұлттық салада дамуы Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің еркіндігі тұрғысынан шешуші маңызға ие болды. Айта кетерлік жағдай президент Ердоғанның шетелге тәуелділікті азайту және жергілікті-ұлттық мүмкіндіктерді дамыту нысанасының көлемді бір стратегиямен нығайтылуы болды. Жұмыстар осы бағыттағы стратегиялық шеңберде дамыды. Нысана-Түркияның күш мәртебесін жоғарлату, Түркия дөп келген және келетін қауіпсіздік құқайларына жауап беретін, бетін қайтаруды стратегиялық өреге көтеретін, экономикалық шығынды азайтатын әскери-қорғаныс өнеркәсібі комплексін құру. Осы тұрғыдан соңғы 20 жылда мықты қадамдар басылды.

Екінші фактор Түркияның қауіпсіздік ортасында соңғы 10 жылдағы ерекше оқиғалар. Осы түйінде Сирия дағдарысымен бірге ортаға шыққан қауіпсіздікке байланысты алаңдарды айтуға болады. Сирия дағдарысы Түркияға бағытталған террорды қамтыған түрліше қауіпті бірге ала келді. Қарулы топтардың түрлішелігі шекара сыртындағы алдын алу мақсатындағы әскери операцияларда ұшқышсыз әуе көліктеріне мұқтаждық артты. Әсіресе барлау мәліметтерін жинау, әуеде үстемдікті қамдау, ақылды жабдықтармен нысаналарды жою сияқты салада көрсетілген қабілет әскери операцияларда қарулы күштердің ықпалын арттырды және операцияның табысты болуына есе қосты. Сирия, Ливия және Таулы Қарабах қақтығыстары бір-бірінен өзгеше болғанымен түрік ұшқышсыз әуе көліктері мықты табыс көрсетті. Террорды жоюда ұшқышсыз әуе көліктерінің стратегиялық ерекшеліктері қарулы күштердің Ирактың солтүстігіндегі алаңдарда табан тіреп тұруына және басты орынды иелеуіне мүмкіндік жаратты. 2016-2021 жылдары арасындағы қақтығыстарда жасалған операциялар түрік ұшқышсыз әуе көліктерінің нағыз соғыс қабілеті тәжірибесін жоғары өреге көтерді.

Осы аяда ең маңыздысы қақтығыс ортасында қол жеткен тактикалық және операциялық тәжірибелермен технологияны дамыту және жаңа табыстардың жылдам қосылуы болды. Осы процестің кемелді дамуы шешуші мәселе. Жұмыстардан алынған сабақтар жоғары дәрежелі платформаны дамытуда қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді, осылайша жоғары өреге қол жетеді. 2020 жылы ақпан айында ортақ басқарусыз бір уақытта қолданылған TB-2-лер Идлибте Асад күштеріне қарасты сарбаздарға ауыр соққы берді. Осы тәжірибе Ливия мен Таулы Қарабах қақтығыстарында басқа да тактикалардың дамуына есе қосты.

Түркияның ұшқышсыз әуе көлігі күшіне айналуы осы факторлармен ғана шекті емес. Жаһандық өреде үлкен актерлермен бәсекелесетін өреге жетудің нәтижесінде түрік ұшқышсыз әуе көліктерінің бағасының лайықты болуы, үкіметтің саяси кеңшілігі мен өз қарулы күшінің ұшқышсыз әуе көліктерімен қол жеткізген табыстары да алушылар үшін көндіруші себеп екенін айта кеткен жөн.

 

 



Ұқсас жаңалықтар