Апталық Анализ 82

Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы жағдарыс.

1678876
Апталық Анализ 82

Мұнай экспорт еткен елдер ұйымы OPEC-тің ең ірі өндірушісі Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасында болған дағдарыс екі ел арасындағы мәселелерді паш етті. Екі ел арасында жалғасқан стратегиялық ортақтыққа қарамастан әсіресе соңғы кезеңде екі елдің көптеген мәселелерде қырғи қабақ бола бастауына, тіпті қақтығыс жасауына апарып соқты. Осылайша шығанақ елдерінің ішкі тепе-теңдігінің бұзылуына себеп болды. 

OPEC мүшелері мен Ресей ұзақ уақыттан бері сұраныс тепе-теңдікті реттеп, мұнай бағаларының белгілі деңгейде ұстап тұруы үшін атсаласқан еді. Әсіресе АҚШ-тағы фракинг мұнай өндірушілері өндірістерін арттырған сайын, OPEC мүшелерінің нарықтағы үлестері азайды және мұнай бағалары да арзандай бастады. Осындай жағдайға қарамастан мүше елдер ынтымақтастықты жалғастыруға тырысқан еді. Алайда БАӘ-нің өзіне берілген санды көбейтуге тырысуы Сауд Арабиясын қатты ашуланды. Сауд Арабиясының мұнай министрі БАӘ-ін сынға тартты. Екі ел бір-бірін айыптау процесі жалғасты. Көптеген мамандар екі ел арасында үлкен дағдарыстың туылғанын алға тартуда. Палестина мәселесінде Катар және Йемен сынды елдер арасында көзқарас ұқмастықтар байқала бастады.

Дональд Трамп кезеңінде Израиль және сионисттердің бағыт сілтеуінде БАӘ мен Сауд Арабиясы бір коалиция құрған еді. Аймаққа қатысты барлық мәселелерде коалиция мүшелері бірге әрекет жасайтын. БАӘ таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Заид және оның ықпалы астындағы Сауд Арабиясының таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селман да осы саясаттың атқарушысы еді. Алайда Израиль мен БАӘ-нің мүдделері Сауд Арабиясының алдына қойылған кезде корольдық ішінде наразылық барған сайын артты. Әсіресе Палестина мен Йемен мәселесінде үлкен көзқарас ұқсамастықтар болды. Трамп жеңіліске ұшырағаннан кейін Нетаньяху билігі де құлады. Осы жаңалықтардың нәтижесінде коалиция тарады және Сауд Арабиясы өз мүдделерін ойлай бастады. Сауд Арабиясы Палестина мәселесінде Израильге деген тұғырын өзгертті. Катармен де қарым-қатынастарын қалыпқа түсірді. Йеменде болса БАӘ хоуситтерге жасаған әскери операцияларын тоқтатты. Сауд Арабиясы Біріккен Араб Әмірліктерін бөлшектеуші оңтүстік шепке қолдау көрсетумен айыптады. Осы оқиғалар OPEC жиналысынан кейін тіпті айқын түрде байқалды.

Әрине екі елдің үлкен бір қақтығыстар ішіне кіретінін ойламағанымыз жөн. Сауд Арабиясының бұдан кейін өз мүдделері  негізінде әрекет жасайтыны және көптеген салада өзгеше тұғыр ұстанатыны белгілі. Мұхаммед бин Селманның да осы процестен әбден шаршағанын және көптеген шығынға душар болғанын көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар