Апталық Анализ 81

FETÖ-ның қалдықтарынан тазалану процесі бес жылдан кейін табысты түрде жалғасуда.

1676972
Апталық Анализ 81

 

2016 жылы 15 шілдеде Фетуллахшы террористік ұйымы (FETÖ) үкіметті құлатып, Түркияны өз бақылауы астына алмақшы болды. Алайда бұл әскери төңкеріс табыссыздыққа ұшырады. 15 шілде жалғандықтың, әділеттің зұлымдыққа ұшырауының, еркіндіктің дұшпанға қарсы жеңіске жетуінің аты болып табылады. Әскери төңкеріс талпынысының жеңіліске ұшырауының көптеген себебі бар. Осы себептер арасында ең маңыздысы түрік халқының ұлттық жігері және  демократияға деген сенімі. Саясаттың да төңкеріске қарсы батыл тұғыр ұстануы төңкеріс талпынысының тосылуы түйінінде ықпалды рөл ойнады. Төңкеріске қарсы қауымдық және саяси ұстаным Түркияның демократиялық және қауымдық селбесуінің мықты болуына мүмкіндік жасады. Бес жылдан кейін 15 шілденің қандай маңызды екені тіпті түсінікті болды.

Бес жылдан кейін Түркияның ішкі және сыртқы саясатында маңызды оқиғалар болды. FETÖ-ның қалдықтарынан тазалану процесі бес жылдан кейін табысты түрде жалғасуда. Мемлекеттің маңызды органдарына кіріп, жасырынған көптеген FETÖ мүшесі анықталды және қуғындалды немесе сотталды. Осы аяда көптеген FETÖ мүшесі анықталып, Түрік Қарулы Күштерінен шығарылды. Маңызды операциялар жасалған кезеңде армияның тап болуы мүмкін қауіп-қатерлер азайды. Қауіпсіздік саласында террормен күресте ықпалды бір жүйе жүргізген қауіпсіздік және ұлттық барлау ұйымы сынды ұйымдарында да бірдей тазалық жасалып, осы салада жарыққа шығуы мүмкін қатерлер жойылды.

15 шілдеден кейін ең үлкен табыс болса қауіпсіздік секторында жасалған реформалар арқылы жүзеге асырылды. Осы аяда Жандармерия және Жағалау қауіпсіздік басқармасы Ішкі істер министрлігіне қарасты болды. Бас Штаб төрағасының қарулы қол басшыларының билік өлемі кеңейтіліп, Ұлттық Қорғаныс министрлігі тіпті күшейтілді. Қауіпсіздік бюрократының FETÖ-дан тазалануының және қауіпсіздік реформасының алғашқы нәтижесі террормен күресте байқалды. Осы аяда террор ұйымы PKK-ға қарсы тіпті ықпалды бір стратегия атқарылды. Сирияда ДАИШ-ке қарсы  "Евфрат қалқаны" операциясы басталып, екі ұйымның да ықпал алаңдары шектелді. Осылайша аймақтар террордан азат етілді. Осы барысты Иракта бас көтерген бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы операция ұйымдастырылды. Ұйымның бұл жердегі ықпалы шектелді. Түркия осы салада жаңа бір стратегияны жүзеге асырды. Түркияның Ливия, Сирия, Ирак, Таулы Қарабах және Жерорта теңізінің шығысы сынды жерлердегі сыртқы саясаты өте ықпалды  болды.

Сыртқы саясатта болса 15 шілде  жаңа бір парақтың ашылуына себеп болды. 15 шілден кейін ең маңызды қадам Сирияда басылды. «Евфрат қалқаны» операциясы арқылы ДАИШ-ті шекарадан шығарған Түркия PKK-ның Евфраттың батысында орын алуына мүмкіндік бермеді. 2018 жылы қаңтарда басталған «Зәйтүн бұтағы» операциясымен де PKK Африннен шығарылды. Түркия Сирия дағдарысында тіпті белсенді рөл ала бастады. Түркия 2019 жылы қазанда жасалған «Бейбітшілік бұлағы» операциясы арқылы бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны Евфраттың шығысында да нысанаға алды. Түркия осылайша PKK-ның Сирияда ықпалды болуын және солтүстікте ауыз жүзінде  бір мемлекет құруын тосқан болды. Идлиб дағдарысының шешілуінде де белсенді рөл атқарған Түркия 2020 жылы наурыз айында Сирия режиміне Идлибте қатты соққы жасады. Осы әскери операциялар Түркияның 15 шілдеден кейін дипломатия үстелде тіпті ықпалды болуына мүмкіндік жасады.

Ең маңызды басқа бір қадам болса Ливияда басылды. Ливия дағдарысында 2011 жылынан бері дипломатиялық диалогты таңдаған Түркия 2019 жылы 4 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан танылған заңды Триполи үкіметін құлатуға тырысқан Хафтерге қарсы Ұлттық келісім үкіметіне қолдау көрсетті. Осы аяда Ұлттық келісім үкіметімен бір келісім жасап, Хафтер күштерінің Триполиді басып алуын тосты. Одан кейін Хафтердің кері шегінуіне мүмкіндік жасап, Ливияда жаңа бір кезеңнің басталуына мұрындық болды. 2020 жылы Таулы Қарабах тақырыбында Әзербайжанды қолдады. Түркияның қысымымен Армения Әзербайжан территориясынан кері шегінді. Түркия аймақтық тақырыптарда әрі дипломатиялық жақтан, әрі әскери жақтан өте белсенді рөл атқарды.



Ұқсас жаңалықтар