Апталық Анализ-80

АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынастар тұрақсыз болып келеді.

1672713
Апталық Анализ-80

Америка Құрама Штаттарындағы сайлаудан кейін Джо Байденнің билікке келуімен сыртқы саясат саласында тіпті болымды ілгерлеушілік байқалды. Алайда АҚШ-Иран екі ел арасындағы қарым-қатынастар ядролық келіссөздерінің тоқталуымен әсіресе Ирак-Сирия желісінде қақтығыстар басталды. Иран өкілдік сарбаздары арқылы АҚШ әскери базасын нысанаға алды. АҚШ болса тікелей Иранға қарасты қарулы күштерді бомбалады. Екі ел арасындағы қақтығыстар Сирияны қамтыды.

Трамп кезеңінде АҚШ-тың Иран саясаты ақырын-ақырын қатайса, енді Иранға қарсы нақтылы қысым жасалды. АҚШ ядролық келісімнен бас тартып, Иранға экономикалық санкциялар жасай бастады. Бұдан кейін Иранның ешқандай түрде мұнай экспорт жасауына да рұқсат берілмейді. Ирак-Сирия-Йемен желісінде Иранға қарсы сарбаздарға қолдау көрсетілді. Израиль және Шығанақ елдерімен құрған коалиция арқылы Иран үстіндегі қысымды барған сайын арттырды. Иерусалим күші қолбасшысы Касым Сүлейманның өлтірілуі және Иранның әскери шабуылдарымен екі ел арасындағы дағдарыс әбден ушықты.

Алайда Байденнің АҚШ президенті ретінде сайлануымен бірге Иранға қарсы құрылған бұл коалиция таралған кезде, АҚШ-тың Иран саясаты да жұмсай бастады. Байден Иранмен ядролық келіссөздерін қайтадан бастады және екі мемлекет арасында көріністе болымды жағдай байқалды. АҚШ-тың Йемендегі соғысқа деген қолдауынан бас тартуы да бұның белгісі еді.

Өкінішке орай екі тараптың да жол бермеу ұстанымы мен ядролық келіссөздердің тоқталуымен бірге екі ел арасындағы дағдарыс қайтадан арта бастады. Израиль және Шығанақтың АҚШ-ты жақтаған әрекеттері де бұл тұғырдың ұстануында ықпалды болған сияқты. Қорыта айтқанда әсіресе Иракта тараптар бір-бірімен үзеңгі қағыстырса, Иранның қолдауындағы шиіт күштері АҚШ базаларын нысанаға ала бастады. АҚШ-тың Эрбиль әуе базасы, Айн эль-Есад әскери базасы сынды орындары үнемі бомбаның астына алынды. АҚШ-тың аймақтағы әскери күші болса, әуе күштерімен шиіт күштеріне тойтарыс берді. Екі ел және өкілдік сарбаздар арасында болған бұл қақтығыс күтілгендей Сирияға да тарады. Ирандық сарбаздар Дейр-эз-зордың шығысындағы Эль-Омар мұнай алқабында орын алған АҚШ базасына ұшқышсыз әуе көліктерімен шабуыл жасады. АҚШ болса Элбу Кемал аймағындағы шиіт күштерінің орындарын бомбалады.

Ендігі мәселе тараптардың осы қақтығыстарды ушықтыру немесе ушықтырмауында. Екі тарап та бір жағынан ядролық келіссөздерде күш-қуатын арттыру үшін қадамдар басса, енді бір жағынан әскери күштерін көрсетуде. Бұның шығынын Ирак және Сирия сынды елдер төлеуде. Бұл АҚШ-тың Орташығыстан әскерлерін кері шегерген бір кезеңі болса, ал Иран тұрғысынан батылдығын арттыратын бір кезеңі болып табылады. Біз Израиль және Шығанақ елдерінің де тепе-теңдік рөлін де ескергеніміз жөн.



Ұқсас жаңалықтар