Апталық Анализ 78

Түркияның Ирактың солтүстігінде операциялары артты.

1665094
Апталық Анализ 78

 

 

Түркияның Ирактың солтүстігінде операциялары артты. Әскери операциялардан кейін пешмерге-PKK қақтығыстары анда-санда жалғасқан кезде, тараптар арасындағы қақтығыстар Сирияны да соғыстың ішіне тарта бастады. PYD/YPG-лік ауыз жүзіндегі лидерлердің  KDP-ны нысанаға алған мәлімдемелерімен бірге KDP-лік лидерлер де PYD/YPG террор ұйымы PKK-ның Сирияда қаруланғанын алға тартты. Қазір болса Фишхабур/Семалка шекара қақпалары да жабылды. PYD/YPG-нің Эрбиль өкілдері ұсталды. K24-нің Сирияда террор ұйымы PKK аймағындағы офистері жабылды.

Түркия террор ұйымы PKK-ға қарсы Ирактың солтүстігінде бастаған үлкен операцияларын жалғастырған кезде, Ұлттық барлау ұйымы болса түйін операциялар арқылы ұйымның ауыз жүзіндегі басшыларын залалсыздандыруда. Түркияның әскери операциясы артуда. Пешмергенің логистикалық жақтан қолдау көрсетуімен ұйымның бақылау астына алған аймақтары қолға түсірілді. PKK стратегиялық жақтан бір тұңғиыққа тірелді. Қауіп-қатерге душар болғанын ойлаған террор ұйымы ойына келгенін істеп, пешмерге күштеріне шабуыл жасауда. Бір жағынан KCK басшылығындағы KDP-ны нысанаға алған мәлімдеме жасаса, енді бір жағынан PKK-ға оң көзімен қарайтын күрд бұқаралық қауыммен байланысты саяси күштерді өзіне тартуда. Осы орайда KDP-ге қарсы қысым күштерін ұйымдастыруда. Ең соң Еуропада ұйымдастырылған сарбаздар аймаққа барып, PKK үшін жанды қалқан болуға атсалысуда. Алайда Ирак күрд аймақтық әкімшілігі осы күштерді қуып, бұл әрекеттерді тұншықтырды.

KDP мен террор ұйымы PKK-ның  бұл күш күресі Сирияны да ішіне алатын бір жағдай. Бұдан бұрын YPG-лік бір топ шекара желісінде пешмергеге тиесілі бір жандермерияға шабуыл жасаған және бұл жерді қысқа мерзімдігіне қолға түсірген еді. KDP-ге жақын Күрд ұлттық кеңесінің офистерін басып алған болатын. Бұның артқы жағында PKK-ның жастар тобының болғаны жарыққа шыққан еді. Алайда қазір қақтығыс және күш күресі ушыққан бір кезеңде тікелей түрде екі аймақты бір-біріне жалғаған Фишхабур/Семалка шекара қақпасы жабылды. PYD/YPG болса осыған орай Ирак күрд аймақтық әкімшілігі медиа ұйымы K24-нің офистерін жауып тастап, медиа жұмыстарын тосу арқылы жауап берді. Сонымен қатар Камышлы, Аин Әл-Араб сынды аймақтарда террор ұйымы PKK-ға қолдау көрсеткен және KDP-ні айыптаған көптеген  ереуіл ұйымдастырды.

Пешмерге және террор ұйымы PKK аралығында болған қақтығыс және күш күрестеріне Сирияда PYD/YPG-нің қосыла бастауы айқын түрде бұл жүйенің PKK-ның Сириядағы жалғасы екенін дәлелдеуде. Ирак күрд аймақтық әкімшілігі және KDP-де  PKK-мен күресуінің Сирия территориясын да қамтуы керектігін тағы бір көрсетті. KDP лидерлігінің Ирак күрд аймақтық әкімшілігі ішіндегі әлсіздіктерден пайдалана отырып, бір рак ауру сияқты аймаққа таралған террор ұйымымен күрес үшін Түрік Қарулы Күштерінің әскери операцияларын және ұйым үстіндегі қысымды бір орай ретінде қарау керек. KDP және пешмерге енді тіпті белсенді түрде әскери операцияларға қатысып, Түркияға қолдау көрсетулері және осы террор ұйымынан құтылуы үшін тарихи бір орай болып табылады. Осы орай қолданылмаса, онда бұл террор ұйымымен бет-бетке келуі және көп шығындарға ұшырауы жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар