Апталық Анализ 77

НАТО саммитінде Түркия-АҚШ президенті екі ел қарым-қатынасын қолға алды.

1660342
Апталық Анализ 77

Брюссельде ұйымдастырылған НАТО саммиті аясында қолға алынған тақырыптардың басында Түркия-АҚШ қарым-қатынастары орын алада.

Ердоған-Байден кездесуі бұрынғы кездесулерде болғандай өте маңызды кездесу болды. Бұл кездесу Байден әкімшілігі мен Түркия арасындағы болашақ бірнеше жылға ықпал жасайтын ерекшілігінде еді. Түркия екі жақты қарым-қатынастарда үш принципке негізделді. Бұлардың біреуі екі ел қарым-қатынастарының анықталуына тән түсініктеме  қаңқасының қайтадан қалыптасуы болды. Қырғи қабақ соғыстан кейін екі тарап та қарым-қатынастарды анықтау үшін көптеген түсініктеме қолданды. Стратегиялық ортақтық және үлгі ортақтық сынды әслінде қарым-қатынастар тұрғысынан мазмұны толықтанбайтын көптеген қаңқа түсініктеме жасалды. Бұлардың кейбіреулерінің мазмұны толықтанбады немесе қысқа мерзімдік қарым-қатынастарға бағыт беретін психологиялық бір ортадан аса алмады. Сондықтан Түркия өз тәуелсіздігіне құрмет көрсететін және тұрақты бір қарым-қатынас талап етті.

Екіншісі болса, екі ел қарым-қатынастарының шындықпен үйлесу тақырыбы еді. Шындыққа үйлеспейтін бір қарым-қатынастардың пайдасның болмағанын Түркия қайтадан ескертті. Вашингтон әкімшілігі де Анкараның шындыққа үйлесетін бір Түркия-АҚШ қарым-қатыныстарын қалыстастыру тақырыбында онша ынталы емес екенін түсінгендей болды. Байденнің жасаған мәлімдемелері Түркиямен болған мәселелерді шешу түйінінде ынталы екенін көрсетті.

Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының ең маңызды реттеуі болса шындыққа үйлеспейтін тақырыптарда болған келіспеушіліктер еді. Кездесуде PYD-YPG, FETÖ, S-400 сынды тақырыптар қайтадан қолға алынды. АҚШ-тың бәсекелестерімен санкциялар арқылы күресу заңы (CAATSA) аясында іске қосқан санкцияларының бір шетке тастаудың мүмкін емес екені баяндалды. Екі ел лидері осы тақырыпта қатысты министрлердің байланыс жасайтынын атап өтті. Сондықтан алдымыздағы кезеңде кейбір мәселелердің жеңілдеуі күтілуде.

Кездесулерде тағы бір маңызды тақырып болса, Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының жалғасуы болды. Кездесуден кейін жасалған мәлімдемелерден де екі елдің қарым-қатынастарды жалғастырғысы келетіндері байқалды.

Осы үш принципте Түркия-АҚШ белгілі бір келісімге бара алса, онда басқа мәселелер тіпті оңай шешіледі. Түркияның барған сайын күшейген ел екенін және белсенді сыртқы  саясат жүргізгенін көре алмауы табыссыздыққа апарып соғады. АҚШ бұны байқауда. Сондықтан НАТО саммиті Түркия-АҚШ қарым-қатынастарында жаңа бір парақ ашылуы үшін керемет бір орай ұсынылды.

     



Ұқсас жаңалықтар