Апталық Анализ 75

Түрік Ұшқышсыз әуе аппараттары және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары жүйелері өте керемет.

1652081
Апталық Анализ 75

 

 

Түркия мен Польша арасында 24 Байрактар ТБ2 ( Bayraktar TB2) қарулы ұшқышсыз әуе аппаратының саудасы жайлы келісім жасалды. Әлемнің назары қайтадан Түркияға ауды. Бұдан бұрын Катар, Ливия, Украина және Әзербайжанға сатылған Байрактар ТБ2 қарулы ұшқышсыз әуе аппараты осы келісім арқылы алғаш рет НАТО және Еуропа Одағы мүшесі еліне экспорт етілетін болады. Түрік Ұшқышсыз әуе аппараттары және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарына  халықаралық деңгейдегі қызығушылық артуда және Польшаның да осы үлгіні таңдауының артқы жағында кейбір себептер бар.

Алдымен түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің нақтылы соғыста ықпалды болуы және табысты нәтижелерге қол жеткізуі  халықаралық нарықта бәсекелес күші болған қару жүйесіне айналуына мүмкіндік жасады. Бұл тақырыпта Түрік Ұшқышсыз әуе аппараттары және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары үлгісі басты орын алуда. Сирия, Ливия және ең соң Таулы Қарабах сынды түрлі соғыс майданында Байрактар ТБ2 жүйелерінің үстемдік көрсетуі халықаралық қызығушылықтың артуына себеп болды. Ерекше қабілеттеріне ие деп қаралған орыс әуе қорғаныс жүйелерінің  Байрактар ТБ2 алдында ықпалсыз болуы қарулы күштер тұрғысынан жаңа бір дау-дамайдың пайда болуына апарып соқты.

Түрік Ұшқышсыз әуе аппараттары және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының тәжірибесі осы үлгілердің тек күзету, бақылау және барлау жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар әуе және зымыран қорғаныс жүйелерінің күйретілуі немесе дұшпанның қарулы жасақтарының залалсыздандырылуы сынды міндеттерде де табысты бола алатынын көрсетті.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің халықаралық қорғаныс нарығында ұнатылуының басқа бір маңызды себебі болса бағасының арзан болуында жатыр. НАТО мүшесі елдер арасында Америка тарапынан жасалған Ұшқышсыз әуе аппараттары және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары жүйелерінің керемет ерекшеліктерімен қатар бұл үлгілердің АҚШ-тың өзі қолданғанның өзінде қымбат жүйелер екені баршаға аян.

Америка заңнамасы бойынша мұндай үлгілердің экспортында қатал тексеруден өткізілуі және кедергілердің көп болуы алушы елдерді жалықтыруда. Осыған орай Түрік Ұшқышсыз әуе аппараттары және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары жүйелерінің бағалары тіпті арзан және жеңілдіктері көп.

Түркия мен Польша арасында жасалған келісім тек бір қару саудасы деп қарауға болмайды, оның артқы жағында кейбір геосаяси әлеуеттер жатыр. Алдымен Польшаның бір НАТО мүшесі болуы келісімнің Түрік-НАТО қарым-қатынастарын дамытумен бірге НАТО ішіндегі ынтымақтастық рухын да арттыратын ықпалы бар.

Польшаның да Украина сынды ең үлкен қаупінің Ресей болуы осы сауданың басқа маңызды қайнары болып табылады. Байрактар ТБ2-нің Украинадан кейін Польшаға сатылуы болса Ресей саясаттарына қарсы нақтылы  бір қадам. Осы тұрғыдан алғанда Ресейге көршілес Түркиямен одақтас елдердің әрі күшінің арттырылуы, әрі қабілеттерінің дамытылуы Ресейдің әрекет алаңының әслінде ондай кең емес екенін дәлелдеуде. Ресей бұл тақырыпта Түркияны қаншама сынға тартқанымен Анкараның бұл сындарды елемеуі де назар аударарлық бір жағдай.



Ұқсас жаңалықтар