Апталық Анализ 73

Израильдің Газаға жасаған шабуылында жүздеген адам шейіт болды, мыңдаған адам жарақат алды.

1643685
Апталық Анализ 73

Израильдің Палестинаға бағытталған қырғынның тоқтайтын түрі жоқ. Израиль соңғы  қырғынын Газа, Иерусалим және Батыс Шерияда жасады.

Израиль Газаға аяусыз шабуыл жасады. Шабуылда жүздеген адам шейіт болды, мыңдаған адам жарақат алды. Шабуылдарын әлі де жалғастыруда. Бұл қырғынның негізі Палестинаға жасаған барлық шабуылдарын жасыруы, сондай-ақ бұл тақырыптың Газа шеңберінде қалуды қамтамасыз еткен бір стратегияға барып тірелуде. Израиль құрылған күннен осы таңға дейін Палестинаны ақырын-ақырын жаулап алу барысында Израиль шабуылшы саясат жүрзігуде. Осы саясаттарға негізделген мемлекеттік заңдылығына байланысты көптеген дәлелдерді көрсете аламыз. Алайда бұлардың ішінде әсіресе үш себеп басты орын алуда.

Бірінші себеп, Екінші Дүниежүзілік соғысы барысында Еврей қырғынын өте шебер түрде пайдалануы. Мысалы Германия тарапынан жасалған «Еврей қырғынынан» кейін антисемитизм бір тисуге болмайтын қорғанға айналды. Бұдан кейін мұндай оқиғалардың болмауы үшін әсіресе Еуропа елдері көлемінде үлкен бір өзгешелік қалыптастырылды. Алайда Израиль құрылған күнінен осы таңға дейін антисемитизмнің мазмұнын кеңейтіп, өзінің атқарған саясатарына бір түрлі «заңдық» негіз қалады. Мысалы Израиль Палестинада жүргізген саясаттарына әрқандай бір сын айтудың өзі осы ерекше қорғанның ішіне кіру болып саналады. Израильге жасалған әрқандай сын Тель-Авив әкімшілігі тарапынан «антисемитизм» ретінде алға тартылған.

Ең қызығы Израильдің ішкі саясатында өзінің қалқаны ретінде қолданылған бұл антисемитизмнің ықпалы тез қарқынды түрде АҚШ және Еуропа елдеріне тараған. Олар бұны ұнатып Израильге қарсы жасалған сындарға Израиль әкімшілігінен бұрын алдымен АҚШ және Еуропа елдерінің лауазым иелері жауап беруде. Осының арқасында Израильдің жаулау саясаты және осы процестегі барлық әрекеттерді тілге тиек етуге болмайтын жағдайға келді.

Израильдің Палестинадағы жаулау саясатында мұншама батыл әрекет жасауындағы екінші себептері болса, АҚШ-тың берген шартсыз қолдауы және Израиль нәсихаттарының ықпалы болып табылады. Израиль құрылғандығын жариялағаннан 11 минуттан кейін АҚШ тарапынан танылды. Басынан бері АҚШ-тың саяси қолдауына ие болды. Американың әскери қолдауы болса ақырын-ақырын басталды. Аймақ елдерінің әрқандай нарызылық көрсетпеуіне орай 1967 жылынан кейін аймақта Израильге «Израиль әскери үстемдігі» деген атақ берілді.

Джо Байденнің билік басына келуімен Израильге берілген шартсыз қолдауда басқа бір бұйымтай тілге тиек болды. Мысалы Джо Байден сайлау кампаниясында Израильдің қауіпсіздігіне қолдау беретінін мәлімденгенімен халықаралық ұйымдар және адам құқықтарына да көңіл бөлетінін жариялаған еді. Бірақ Байден әкімшілігінің Израильдің соңғы кезеңдегі шабуылшы саясаттарына болған көзқарасы назарға алынғанда Трамптан кейін Палестина тақырыбындағы үмітінің босқа кеткені баршаға аян.

Израильдің жасаған қырғынына негіз қалаған және Палестинадағы жаулау саясатында мұншама батыл әрекетінің үшінші себебі аймақтық тепе-теңдік және актерлердің түрлі мүдделерімен байланысты. Бұл себеп Палестина мәселесінің алғаш рет жарыққа шығуынан және болып өткен Араб-Израиль соғыстарынан осы таңға дейін ықпалды болуда. Мысалы Израиль аймақ елдерінің түрлі мүдделері және ымыраласа отырып әрекет жасай алмауының кесірінен Палестина территориясын түбегейлі түрде басып алған.

Аймақтық тепе-теңдіктер әсіресе соңғы 10 жылда Израильдің пайдасына қарай өзгерген. Израиль осы өзгеріс үшін үлкен шығынға душар болған жоқ. Осы тұрғыдан алғанда Мысырда Хүсну Мубарак режимінің төңкерілуінен кейін Кэмп-Дэвид жүйесінің күйреуі ықтималы себепті қатты қайғыға батқан Израиль 2013 жылы ұйымдастырған төңкерістен кейін және Сириядағы азаматтық соғыстардың жалғасуымен тыныс алды. Аймақтағы өзгеріс және АҚШ қолдауының да ықпалымен Израиль Палестинадағы жаулау саясатын тіпті оңай жүргізді.

Жоғарыда аталған себептердің барлығында немесе кем дегенде бірінде болатын бір өзгеріс Израильдің Палестинада бұдан кейін басатын қадамдарына да ықпал жасайды.

 



Ұқсас жаңалықтар