Апталық Анализ 72

АҚШ-тағы билік өзгерісі Орташығысқа қатты ықпал жасады.

1639300
Апталық Анализ 72

 

АҚШ-тағы билік өзгерісі Орташығысқа қатты ықпал жасады. Әсіресе Трамптың қолдауына ие болған тақ мұрагер ханзадалар саяси тұғырларын өзгертуге тырысуда. АҚШ-Иран арасындағы атомдық келісссөздері қайтадан басталған кезде, Израильдің қатал наразылық көрсетуіне және провокацияларына душар болуда. Түркия болса, осы жаңа тепе-теңдікте өз мүдделерін қорғауда.

Орташығыс әлемнің ең маңызды стратегиялық аймағы болып табылады. Аймақта тұрақтылықтан гөрі былықпалық тіпті көп. Өкінішке орай сағыстар тоқтамайтын және күш бәсекелесі болған бір география. Біз сыртқы килігуден туындаған бір былықпадан сөз қозғаудамыз. Түркия бір Орташығыс мемлекеті болмағанымен аймақтағы оқиғалардан болымсыз ықпал көруде. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе АҚШ-та билік өзгерісінен кейін аймақтағы саясатта  бір жандану және жаңа ізденістер пайда болды. Алайда бұл жерде болымсыз бір ықпал тілге тиек болуы мүмкін. Бір жағынан Джо Байден Иранмен атомдық келіссөзді бастады және Иранға деген қысымды азайтты. Енді бір жағынан АҚШ Трамптың керісінше Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктрінің тақ мұрагер ханзадаларына берген қолдауынан бас тартты. Бұл жағдайлар аймақтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне себеп болды.

Бұған Израиль және Шығанақ елдері қатты алаңдауда. Алайда қазіргі оқиғаларға орай жаңа ізденістердің болып жатқанын байқаудамыз. Израиль нақтылы қадамдар арқылы тікелей АҚШ-Иран арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа түсуіне кедергі жасағысы келеді. Иранды әрі тікелей түрде өз территориясында, әрі Сирия сынды елдердегі қарулы күштері арқылы нысанаға алуда. Сонымен қатар Шығанақ және Қызыл теңізде де екі ел бір-бірлеріне тиесілі кемелерді нысанаға алуда. Бірақ Иран осы таңға дейін Израильдің нақтылы мақсаты болған бір эскалациядан аулақ тұруда.

Шығанақ елдері болса, АҚШ-тың Трамп кезеңінде жасаған қорғау астына алу мүмкіндіктеріне сенбей, жаңа ізденіс жасауда. Алдымен Катарға деген қысымынан бас тартып, осы елмен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру процесін бастады. Сонымен қатар Түркияға деген ұстанымы да болымды. Әлі нақтылы нәтиже болмағанымен емеуріндерінен байқауға болады.

Әрине Түркия аймақтың ең маңызды елі ретінде осы өзгерістерде қол қусырып қарап отырмайды. Трамп кезеңінде Түркияға қарсы шеп құрған елдермен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру үшін түрлі талпыныстар тілге тиек болуда. Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясының королі Салман ибн-Абдулазизбен телефон арқылы сөйлесті. Түркия мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастары жақсаруға бет алды. Түркиядан бір делегация Каирге барып, маңызды кездесулер өткізді. Екі ел де өз мүдделері шеңберінде қарым-қатынастарды жақсартуға тырысуда. Сонымен қатар Ливияда саяси шешім процесі де қарым-қатынастарға болымды ықпал жасады.

Осы жаңалықтар аясында Орташығыстағы елдердің саяси ұстанымдарына ықпал жасайтын жаңа бір процестің болғаны баршаға аян. Барлық елдер қалайда өз талпыныстарын көрсетеді. Таяу кезеңде өкілдіктер соғыс және қақтығыстар уақытша тоқтатылуы мүмкін. Алайда Израиль және Иранның басатын қадамдары өте маңызды болмақ. Екі ел арасында туылуы мүмкін бір қақтығыс барлық аймақты дүр сілкіндіреді. Түркия тұрғысынан алғанда, Ирак және Сирияда террормен күресу шеңберінде операциялар жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар