Апталық Анализ 71

Түркияның Мысырмен жүргізген кездесулері аймақтық маңызға ие.

1636445
Апталық Анализ 71

          

Соңғы кезеңде Орташығыста көптеген мемлекет қарым-қатынастарды қалыпқа түсіруге тырысуда.

Бұл процес алдымен Дональд Трамп дәуірінде Израиль мен кейбір араб елдері арасында басталған. Америка Құрама Штаттарында Джо Байденнің билік басына келуімен бірге қарым-қатынастардың қалыпқа түсу талпыныстары Орташығыста көптеген елге бірдей мерзімде ықпал жасағаны байқалуда. Өткен аптада Сауд Арабиясы мен Иран арасында болған жылы сөздер аймақтың маңызды екі бәсекелес елдің арасының өзінде жақсаруы болуының мүмкіндігі еске түсуде. Түркия  соңғы кезеңде ең көп күн тәртіпке келген елдің бірі болды. Түркия-Израиль, Түркия-Мысыр және Түркия Сауд Арабиясы арасында болған ымыраласу Орташығыста жаңа бір кезеңнің басталуына мүмкіндік жаратады. Ең соң Түркия мен Мысыр арасында қарым-қатынастардың қалыпқа түсу ізденістерінде тағы бір жаңа қадам басылды. Ұлттық барлау ұйымы төрағалары және сыртқы істер министрлері кездескеннен кейін бір түрік делегациясы Каирге барды.

Түркияның Мысырмен жүргізген кездесулері аймақтық маңызға ие. АҚШ-тың Сауд Арабияны Йеменде жалғыз тастауы және Иранмен атомдық келісім жасау ұстанымы Орташығыстағы тепе-теңдікті қайтадан әрекеттендірді. Ақ Үйдің Орташығыс мәселелер жөніндегі өкілі Бретт Макгурктың Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және Иорданияға барып, Иранмен қайтадан атомдық келісім жасау үшін одақтастарының алаңдауын жеңілдетуге тырысуы баспасөздерде орын алды. АҚШ-тың Орташығыстағы басты мақсаты Иранның атомдық бағдарламасын бақылау астына алу және Тегеранды қайтадан үстелге отырғызу. Енді бір жағынан Ресей мен Қытай сынды жаһандық актерлердің Орташығысқа деген қызығушылығы күн сайын артты. Осаған байланысты АҚШ та Орташығысқа назар ударды және жаңа бір тұғыр ұстана бастады. Осындай бір ортада барлық аймақтық актерлер өз араларындағы мәселелерді шешуге шоғырлануда.Түркия-Мысыр ымыраласу талпыныстарын да осының бір бөлшегі ретінде қараған жөн.

Жерорта теңізі шығысындағы оқиғалар және Түркия мен Ливия арасындағы әскери қауіпсіздік келісімі Анкара-Каир жақындасуының артқы жағындағы ең басты ұйтқы ретінде көрінуде. Ливияда саяси өтпелі кезең процесінің басталуынан кейін Мысыр мен Түркия үшін Ливия ортақ мүддеге айналды. Жерорта теңізінің шығысындағы энергия байлықтарынан туындаған бәсекелесудің стратегиялық маңызға ие екені баршаға аян. Таяуда Мысыр Грекиямен келісім жасады. Осы келісімнің Мысырды толыққанды түрде қанағат етпегені де айқын. Сондықтан Түркиямен Жерорта теңізінің шығысында энергия саласында ынтымақтастық жасауы Мысырға тіпті көп пайда тигізеді. Бұл тақырып екі ел қарым-қатынастарының қалыпқа түсуінің негізгі себебін құрайды.

Мұсылман бауырлас екі ел енді бұрын болған мәселелерді бір шетке тастауда. Ең маңыздысы аймақтық геосаяси тақырыптар екі ел арасындағы жақындасуды тіпті тездетуде. Мысыр-Түркия қарым-қатынасының қалыпқа түсуі Ливия мәселелерінен туындаған аймақтық кірбеңдікті шешеді. Барлық мүмкіндіктерді жақсы пайдаланатын болса, екі ал пайда көреді аймақтық мәселелерде қалмайды.



Ұқсас жаңалықтар