Апталық Анализ 68

Түркия мен Ливия арасындағы қарым-қатынас.

1622883
Апталық Анализ 68

   

Ливия Ұлттық Бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе міндетке келгеннен бері әрі өзінің, әрі үкімет пен мемлекет басшыларының ең көлемді сапарын 2021 жылы 12 сәуірде Түркияға жасады. Дибейбе 14 министрді бастап Анкараға келді. Түркия-Ливия Жоғары дәрежелі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің тұңғыш жиналысы осы аяда  өткізілді. Жиналыс соңында үкіметтер арасында 5 маңызды келісімге қол қойылды.

Сапардың символдық маңызы да бар. Дибейбе премьер-министр болған 2021 жылы 5 ақпаннан кейін әрі Дибейбені, әрі Премьер-министрлік Кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Менефиді көптеген елдің үкімет және ел басшылары мен халықаралық ұйымдар құттықтады. Құттықтау мен қолдау үндеулерінен кейін көптеген сапар ұйымдастырылды. Осы барыста екі басшы шетел астаналарына сапар шекті және Триполиде көптеген шетелдік делегация мен қонақтарды күтіп алды.

Ливия Ұлттық Бірлік үкіметі ұзақ уақыттық қақтығыстардан кейін Ливияны бірлікке келтірген және заңды ұйым ретінде құрылғандықтан Ливияға киліккен күштердің барлығы осы үкіметпен байланыс жасауға талпынуда. Бұл елдер арасында Хафтерді қолдау арқылы Ливия Ұлттық Бірлік үкіметінің бастамасы болған Ұлттық Келісім үкіметін аударып тастауға ұрынған Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Ресей және Франция да бар.

Қазір килігіп отырған елдер ғана емес, болашақта Ливиядан пайда күткен актерлер де осы үкіметпен байланыс орнату, қарым-қатынастарын жақсарту, әсер жасау және болашақта Ливиядан игілік күту үшін талпыныс көрсетуде. Осындай бір ортада Дибейбе мен Ұлттық Бірлік үкіметі қазірге дейінгі ең салтанатты сапарын Анкараға жасады. Түркияны Ливияға киліккен актерлер арасында «бірінші» орынға шығарды.

Сапардың көзге түскен өзге бір ерекшелігі өте көп министрден құралған делегация болуы. Ливия Ұлттық Бірлік үкіметі кабинеті- премьер-министр Абдулхамид Дибейбенің ел ішіндегі қала мен аймақ сияқты көптеген тепе-теңдік ескерілген ұйымшылдық және ымыраға келу кабинеті. Технократ бағыты басты орынға қойған үкіметтің негізгі міндеті 2021 жылы 24 желтоқсанда елде сайлау өткізуге дайындық жасау, бөлінген және бәсекелес ұйымдар мен органдарды бірлестіріп, соңында халыққа қызмет көрсету болып табылады.  Ливия 2011 жылдан бері құлдыраған күшті бір ел. 2014 жылдан кейін Хафтер бастаған ішкі соғыс, 2019 жылы тағы Хафтердің Триполиге шабуылымен әкімшіліктің нашарлығы себепті бүгін денсаулық сақтаудан білім беруге, инфрақұрылымнан қауіпсіздікке дейінгі барлық салада ауыр қиыншылықтарға дөп келіп отыр.  Ливия халқы үшін саяси актерлердің идеологиялық бағыттарынан гөрі, негізгі мәселе күнделікті өмір шарттарын оңалтатын қызмет ұсыну болмақ. 

Сол себепті Дибейбе лидер болған Ұлттық Бірлік үкіметінің өте қарапайым түрде халықтың күнделікті тұрмыс шарттарын жақсарту үшін шешім қарастырғаны жөн. Түркияға сапарда тек Дибейбе мен жақын тобының ғана емес, 14 атқарушы министрдің жол серік болуы, әрбір министрдің түрік әріптестерімен кездесуі, танысуы және бұдан кейін жасалатын практикалық өредегі ынтымақтастықтар үшін негіз қалауды мақсат етіп отыр. Осы аяда Сыртқы істер, Өнеркәсіп, Білім беру, Ішкі істер, Қоршаған орта, Жергілікті әкімшілік, Құрылыс, Сауда, Қазына және Қаржы, Энергия министрлері келді. Ливия Қорғаныс министрлігіне де өкілдік еткен премьер-министр Дибейбе Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акармен бас қосты.

Кездесулер нәтижесінде Түркия мен Ливия арасында қол қойылған келісімдердің ең маңыздысы Ливияда түрік компаниялары тарапынан салынатын үш электр стансасы. Ливияда төңкеріс кезінде және ішкі соғыста көптеген құрылыстар зақымдалған, бұған қосымша электр стансалары нашар басқару, елеусіз қарау және күтпеу себепті қызмет атқара алмайтын күйге келген. Бүгін Ливия халқының күнделікті тұрмысына нашар әсерін тигізген басты қиыншылықтың бірі де электрдің жетіспеуі болып табылады. Салынатын электр стансалары Ливияның электр өндіру және қамдау мәселесін шешуіне үлкен есе қосады. Электр өндіру мен қамдау саласындағы ынтымақтастық бастама болмақ, бұған басқа салалардағы ынтымақтастық, тәжірибе алмастыру және көлемді құрылыстар қосылады.

Саяси-стратегиялық түйінде Ливиядағы жаңа үкімет Түркияның маңызды бір актер екенін және осы актерліктің басқа халықаралық актерлер тарапынан қабылданғанын  түсініп отыр. Еуропа елдері мен АҚШ  Түркиясыз қазіргі бейбітшілік процесінің жалғасуы қиын екенін біледі. Ливия үкіметі Түркияны осы стратегиялық түйінге көтерді. Бұл жолғы сапар осының дәлелі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар