Түркия қарулы пилотсыз әуе көліктерімен соғыс доктринасын өзгертті

Апталық анализ - 67

1617544
Түркия қарулы пилотсыз әуе көліктерімен соғыс доктринасын өзгертті

Әлем баспасөзінде Түркияның қарулы пилотсыз әуе көліктерінің әлеуеті мен қол жеткізген жетістігі әлі де күн тәртібінде.

Сириядан бастап, Ливия мен Таулы Қарабахта жалғасқан Түрік Қорғаныс өнеркәсібі тарапынан жетілдірілген қарусыз пилотсыз әуе көліктерінің жаңа бір соғыс доктринасы ретінде нәтиже алатындай қолданылуы көптеген армияның назарын аударып жатқанда, АҚШ-Ұлыбритания сияқты елдер қарулы пилотсыз әуе көліктеріне негізделген бұл жаңа соғыс концепциясын зерттей бастады.

Көптеген жылдар бойы ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан үлкен қауіп-қатерлерге душар болған Түркия әрі террор ұйымдары сияқты асимметриялық, әрі орналасқан жағрапия тұрғысынан әдеттегі қауіп-қатерлерге қарсы жаңа бір соғыс доктринасы жетілдірді. Қарулы пилотсыз әуе көліктеріне негізделген бұл доктрина бүгін барлық әлемнің назарын аударып жатса, «заманауи соғыс доктринасын» түбегейлі өзгертетін бір кезеңнің де тетігі сияқты көрінеді.

Түркия соңғы он жылда қорғаныс өнеркәсібі саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізе отырып, әсіресе дрон мен қарулы пилотсыз әуе көліктері технологиясында бүкіл әлемнің назарын аударатын маңызды қадамдар басты.

Әрі «TAI-Aselsan» сияқты мемлекеттік, әрі «Baykar» сияқты жекеменшік компаниялар жетілдірген «ANKA» мен «Байрактар TB2» сияқты қарулы пилотсыз әуе көлігі платформалары мен тиісті жабдықтар көптеген майдан желісінде тиімді түрде қолданыла бастады.

Әсіресе террор ұйымы PKK-ға қарсы әрі Түркияда, әрі Ирак пен Сирия сияқты елдерде қабілетін танытқан бұл қарулы пилотсыз әуе көліктері ұйымның жұмылдыру қабілетін шектеп, жетекші кадрларын жоя бастады. PKK террор ұйымы Түркияға қарсы террорлық әрекет жасау мүмкіншілігін маңызды мөлшерде жоғалтты. Түркияның қарулы пилотсыз әуе көліктері әдеттегі және жартылай дәстүрлі күштерге қарсы Сирия, Ливия және Таулы Қарабахта өте тиімді қолданылып жатқанда, Армения армиясы түрік қарулы пилотсыз әуе көліктеріне қарсы орыс технологиясы әуе қорғаныс жүйелерімен тойтарыс беруде табыссыз болды. Тек қана соңғы Таулы Қарабах соғысында «Байрактар TB2»-лердің белсенділігімен жүздеген армян танкі мен сауытты көлігі, «Панцирь-С1» және басқа жоғары қабілетке ие әуе қорғаныс жүйесіне қоса мыңдаған қатардағы әскер залалсыздандырылып, Армения күштеріне ауыр соққы енгізілді. Жеңіліске ұшыраған Армения армиясы Таулы Қарабахтан кері шегінді. Қарулы пилотсыз әуе көліктерінің дұшпан нысаналарын жойған кезде бейнекамераға түсіруі болса қоғамға бағытталған насихаттау соғысы тұрғысынан нақты бір үстемдікті қамтамасыз етті.

Қазір дамыған заманауи армиялар Түркияның бұл жаңа соғыс доктринасы және қарулы пилотсыз әуе көліктерімен әрі асимметриялық күштерге, әрі әдеттегі күштерге қарсы қол жеткізген жетістікті байқап, армияларын бейімдеуге тырысуда. Түркия болса жаңа бір қадам басып, «Aнка» мен «Байрактар TB2» сияқты қарулы пилотсыз әуе көліктерінің жоғарғы модельдері болған «Акынджы» мен «Аксунгур»-дың жаппай өндірісін бастады.

Түркия тиісті қарулы пилотсыз әуе көліктері технологиясымен аймағында өсіп келе жатқан бір күш ретінде көрініс тапқанда, тек қана әскери қабілеттерін танытқан үлкен күштер Сирия-Ливия-Таулы Қарабах сияқты маңызды соғыс майдандарының тағдырын өзгерте алады.



Ұқсас жаңалықтар