АҚШ-Қытай қатынастары

Апталық анализ - 66

1613733
АҚШ-Қытай қатынастары

Қытайды ең маңызды стратегиялық қарсыласы деп қараған Америка Құрама Штаттары Қытайдан туындаған күреспен бетпе-бет отырғанын біледі.  Алайда негізі Обама кезеңінде қаланған, Қытайды теңгеру үшін іске қосылған «Азия» стратегиясының толық қалай күшіне енетіні тақырыбында үлкен сұрақтар бар.  Байден әкімшілігінің Қытайды шектеу және теңгеруді стратегиялық нысана ретінде жалғастырғаны,  алайда бұл стратегияның әдістерінің өзгеше болатыны түсінікті.  Блинкен мен Остиннің Жапония және Оңтүстік Кореяға сапары және Оустиннің айырықша Үндістанға сапары Қытайға бағытталып басылатын қадамдардың ең айқындаушы факторларын қалыптастырады. Бірінші мақсат- дәстүрлі одақтастық байланыстарын нығайту үшін мықты саяси байланыс құру.  Артынан Қытайдың геосаяси кеңеюіне қарсы осы демократиялық және саяси шеңберді экономикалық және әскери жақтан нығайту.

**

SETA Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы Проф. Др. Мурат Йешилташтың осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

  Блинкеннің Жапонияда қолданған тілі Байден әкімшілігінің Қытайдың тек экономикалық және әскери қауіп қана емес,  сонымен бірге либералдық тәртіпке де қауіп төндіргенін көрсетеді. Демократия, адам құқықтары және құқықтың үстемдігі секілді салаларда Қытайды одан да көп нысанаға алған жаңа әкімшілік осы мәселенің халықаралық тәртіптің болашағына байланысты талас болатынын да байқап отыр.

Қытайға қарсы жаһандық майдан қалыптастыруға тырысқан Байден әкімшілігінің халықаралық тәптіп өзгерісі бағытындағы басқа бір нысанасы дәстүрлі одақтастық жүйесін жөндейтін түрде батыс қанатында геосаяси өзгерістер енгізу. Осы жерде Трансатлантикалық байланыстарда Трамп дәуірінде кеткен зияндардың өтелуі және қалыптасқан жарықтардың геосаяси ойықтарға айналмай тұрғанда жылдам жөнделуі Байденнің басымдықтары арасында орын алады.

Блинкеннің НАТО Министрлер жиналысы шеңберінде Брюссельде осы бағыты нақты көрінді. Байден билігінің осында екі мақсаты бар. Біріншісі Трансатлантикалық геосаяси блоктың ең маңызды бағанасы ретінде қызмет атқаратын НАТО-ның стратегиялық миссиясының қайтадан айқындалуы. Трамп кезінде келіспеушіліктер көп болған және одақтастықтан бөлінушіліктер көп байқалған НАТО Байден билігі үшін бірінші жөнделуі керек одақтастық жүйесі болып табылады.

Одақтың тек қорғаныс және қауіпсіздік ұйымы еместігін атап көрсеткен Блинкен Брюссельде саяси жағы тереңдей түсетін НАТО көрінісін айтып берді. Одан да маңыздысы НАТО-ның Қытайға бағытталған ұстанымының қалай болатыны Трансатлантикалық геосаяси бағытының маңызды тақырыптары арасында орын алады. Ұйым ретінде «Қытайды түсіну» сатысында екендерін айтқан Бас хатшы Йенс Столтенберг енді Қытай жөнінде «қауіп» ұғымын жиі қолдана бастады. Еуропа Одағы Жоғары комиссары Боррельдің де Блинкенмен кездесуінде осы көзқарастың қайталанғаны байқалады.

Қытаймен ынтымақтастық мүмкіндіктері бар екенін білетін Еуропа сонымен бірге осы іс үшін стратегиялық келіспеушілік халіне келгенін де жақсы біледі.  Сондықтан Байден үшін НАТО-ның Ресей және Қытайға қарсы қалайтын бағытында ең қатты бағана екені белгілі.

Байден әкімшілігінің мақсаттарының екіншісі болса Трансатлантикалық бағытты батыс геосаяси майданының бөлінген құрылымын жөндеуден өткізу. НАТО-ның ЕО лидерлер саммитіне қашықтықтан видео конференция арқылы қатысып,  Қытай мен Ресейге қарсы назар аударуы Еуропаға бағытталған бір ерекшелік болып саналады.

Блинкен қаншалықты Еуропаға Америка Құрама Штаттарының Қытаймен күресінде «бізбен немесе олардың жанындасыңдар» деген таңдау ұсынбағанын айтса да,  Еуропаға бару арқылы Қытай тақырыбында таңдау жасауға итермелейтіні көрініп тұр. Еуропа Одағының бүгінгі күні жүзеге асыруға тырысқан жаңа стратегиялық автономды саясатын пішіндеген уайымдардың бірі  - Қытай. Сондықтан Қытайға қарсы стратегиялық тұтастық қалыптастырылуы үшін Америка Құрама Штаттарының лидерлігіне «мақұл» дейтін Еуропа бар алдымызда.

 

 



Ұқсас жаңалықтар