Апталық Анализ – 65

Түркияның Ұлттық Барлау ұйымы табысты жұмыстарын жалғастыруда.

1609308
Апталық Анализ – 65

Түркияның Ұлттық Барлау ұйымы соңғы жылдарда ірі операциялар жасай бастады. Әсіресе Ирак пен Сирияда террористік ұйым ПКК мүшелеріне жасаған операциялар назар аударды. PKK/KCK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-ның ауыз жүзіндегі бригада қолбасшысы «Шәйх Гуйи» лақапты террорист Ибрахим Бабатты Сирияда ұстап, Түркияға әкелуі Ұлттық Барлау ұйымының мүмкіндігі мен қабілетін көрсетіп отыр.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

Түркия күрделі бір географияға орналасқан. Әрі геосаяси тереңдігі, әрі талаптары тұрғысынан ауыр жекпе-жекке тура келуде. Түркияның ішінде және жақын географияда елдің ұлттық мүддесін қорғау үшін барлық мүмкіндіктердің толық қолданылуы керек. Жұмсақ күш құралдары, дипломатия және әскери күшпен бірге хабар алу ұйымдары да өте маңызды. Осы тұрғыдан Түркияның Ұлттық Барлау ұйымының Түркияның талаптары мен оған бағытталған қарсылықтармен күрес жасайтын өреде дамығанын көріп отырмыз.

Әсіресе 15 шілде төңкеріс талпынысынан кейін жаңа қауіпсіздік ілімі тұрғысынан Түркияның Ұлттық Барлау ұйымына мұқият инвестиция салынып, ұйымның мүмкіндіктері мен қабілеттері жетілді. Әрі адам байлығы, әрі техникалық мүмкіндіктері артқан барлау ұйымы Түркия көлемінде және Ирак пен Сирияда өте күшті операциялар жасап келеді.

Түркияның Ирак пен Сирияда жасаған «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы», «Табандылық операциясы» сияқты шекара сыртындағы операция салаларында маңызды рол атқарған Ұлттық Барлау ұйымы сонымен бірге террористік ұйым ПКК-ның ауыз жүзіндегі жоғары дәрежелі басшыларының анықталып, жойылуында маңызды міндет атқарды.

Ұлттық Барлау ұйымына қарасты бөлімдердің Түркия сыртына 50 километр алыстықта Сирияның Ракка аймағында террористік ұйым ПКК мүшелеріне жасаған операциялары назар аударды. PKK/KCK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-ның ауыз жүзіндегі бригада қолбасшысы «Шәйх Гуйи» лақапты террорист Ибрахим Бабатты ұстап, Түркияға әкелуі террормен күрестегі маңызды табыс болып табылады. Қатысты адамдардан алынған мәліметтермен ПКК-ның көптеген базасы жойылды және террор ұйымына ауыр соққы берілді. Мықты стратегиямен террористік ұйымның лидер тобы және майдан қолбасшылары залалсыздандырылып, ұйымның басшылық және бақылу құрылымын жою арқылы ұйымның операция қабілеті мен күшіне ауыр соққы берді.

Қорыта айтқанда, Түркия күш құрылымдарына жасаған инвестицияларымен аймақта тежеуші күш қуатын арттырумен бірге барлау ұйымы да маңызды орнын көрсетіп келеді.

Сіздерге Сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның тақырыпқа байланысты анализдерін ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар