Сирияда азаматтық соғыстың 10 жылдығы

Апталық анализ - 64

1604133
Сирияда азаматтық соғыстың 10 жылдығы

Сирияда он жылдық азаматтық соғыс қазірге дейін шешілген жоқ. Жүз мыңдаған сириялық қаза тауып, 7 миллионға жуық адам елден кетуге мәжбүр болған трагедия бүкіл әлемнің көз алдында әлі де жалғасуда.

2011 жылы наурыз айында басталған наразылықтарға қарсы жазалаушы ұстаным ортаға қойып, зорлық-зомбылық көрсеткен Асад режимі әлі де тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап халықаралық мекемелер, АҚШ пен ЕО сияқты актерлердің ешқайсысы ауқымды бір шешім таба алған жоқ. Ресей мен Иран сияқты актерлер болса мәселенің одан терең күрделенуіне себеп болды.

Cириялықтар үшін бәрін қолдан келгенше жасап жүрген ел күдіксіз Түркия. Президент Ердоған «демократия, еркіндіктер және адам құқықтары қайтадан күн тәртібіне келген» бүгінгі таңда батысты Түркияның Сирияда азаматтық соғысты аяқтау талпынысына шақыратын бір мақала жазды. Миллиондаған босқынға баспана болған, ДАИШ террор ұйымынан бастап террористік топтарға қарсы қарулы күштерін қолданған алғаш елдің Түркия екені және террордан тазартылған аймақтарда жергілікті күштермен қауіпсіз аймақтар құрғаны еске салынды. Вашингтон болса соңғы он жылда ешқандай шешім таба алмады.

Қазіргі кезде болса Сирия дағдарысына қатысты жаңа бір саясат ізденісінде екені байқалады. Демократ Байден әкімшілігі үшін Сирия «демократия мен адам құқықтары» сыналатын сала ретінде алға шықты.

Ердоғанның жаңа әкімшілікке жолдауы өте айқын: «Байден әкімшілігі сайлау науқанында берген уәделерін орындап, Сириядағы трагедияны тоқтату және демократияны қорғау үшін бізбен бірге жұмыс істеуі керек». Байден әкімшілігі гуманитарлық көмекке аздап көңіл бөліп, террористік ұйым PKK-ның қанаты YPG-ге тағы да қолдау көрсетіп, Сирия мәселесін елемейтін болса онда «Обаманың қателіктерін қайталайды» деген сөз.

Президент Ердоғанның шақыруы тек АҚШ-пен ғана шектелмейді. Мақаланың ЕО басшылар саммиті алдында жариялануы аса маңызды.

ЕО-ның Сирия мәселесінде толығымен қандай ұстаным ортаға қоятыны белгісіз. Түркияның гуманитарлық мәселелерге негізделген Сирия саясаты болмағанда, қазір Еуроодақ бас қалаларының көпшілігінде радикал оңшыл партиялар билікке келер еді.

Батыстық басшылар Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіз аймақтарға жасалған YPG шабуылдарына қоса, атылған орыс зымырандарына да қарсы шығу керек. YPG қауіпсіз аймақтарға қазірге дейін барлығы 224 шабуыл жасады. Бұлардың 64-і бомба тиелген көлікпен, 64-і қолдан жасалған жарылғышпен, 51-і қарумен, 19-ы миномет және 9-ы зымыранмен жасалған шабуылдар.

Анкараның бақылауындағы қауіпсіз аймақтар мен Идлибте 4-5 миллион сириялық өмір сүреді. Түркиядағы 4 миллион босқынды осыған қосқанда Сирияның тұрғын санының жартысы Түркияның қауіпсіздік және ел көлеміндегі баспана орындарында өмір сүреді. Бұл шындықтың өзі АҚШ пен ЕО-тың қауіпсіз аймақтарды қайта құруға қолдау беру керектігін көрсетеді. Сирия теңдеуінде Анкараның тиімділігінің артуы батыс астаналарының мүддесіне. Ақырында жойылып кететін YPG-мен Сириядағы мүдделерін қорғай алмайды. Оныншы жылдығы аяқталған Сирия дағдарысының шешіміне қатысты нақты жол картасы әлі жоқ. 21-ғасырдың ең үлкен трагедиясы болған Сирия дағдарысы шешілмейінше аймақтың тұрақтылығы да онша мүмкін көрінбейді.



Ұқсас жаңалықтар