Апталық Анализ - 60

Түркия-АҚШ қарым-қатынастары тығырыққа тірелуі мүмкін көрінеді.

1587123
Апталық Анализ - 60

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына тоқталамыз.

Төменде сіздерге Қауіпсіздік зерттеу орталығының зерттермені Профессор доктор Мұрат Йешилташтың Түрік-Америка қарым-қатынастарына байланысты бағаландыруын ұсынамыз.

Түркия-АҚШ қарым-қатынастары алдағы кезеңде төрт маңызды мәселеге дөп келіп отыр. Бұл мәселелер шешілмей Түркия мен АҚШ арасындағы дағдарыстың шешімін табуы мүмкін емес. Мұның бастысы S 400 мәселесі.

S 400 қорғаныс жүйесі мәселесі - түрік-америка қарым-қатынастарын суреттейтін басты үлгінің бірі. «Стратегиялық байланыс» деп анықталған А және Б елі арасындағы қарым-қатынас түрінде мұндай мәселенің туылмауы керек. Осы тұрғыдан алғанда, әрі АҚШ Түркияның Патриот жүйесіне бағытталған талабын жауапсыз және елеусіз тастай алмайды, әрі Түркия НАТО одақтасы ретінде ең үлкен қауіпсіздік және қорғаныс бәсекелесімен мұндай сауда жасаспайды. Ендеше Түрік-Америка қарым-қатынастарының «Стратегиялық ортақтық» деп түсіндірілмейтінін межелеуге болады. Аталмыш тығырықтан шығу үшін екі тараптың бірі тұғырын өзгертуі немесе өзара тұғырларын зақымдамайтын бір жол қарастыруы қажет болмақ.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың Крит үлгісі осы тұрғыдан шешім жолы ретінде көрінуде. Алайда бұл шешім үлгісінің қалай атқарылатыны да анық емес. Түркия S 400 жүйесінің екінші пакетін алуы тақырыбында «кездесулердің жалғасқанын» жариялаған бір кезеңде Крит үлгісін іске қосу қиындау секілді. Ал АҚШ-тың S 400 жүйесіне бағытталған шешімді жалғыз талғамды негіз еткен келіссөзге итермелеуі мәселені шеше ала ма? Бұл сұраққа «шешеді» деп жауап беру мүмкін емес сияқты. S 400 жүйесін Түркия сыртына шығару үлгісін Анкараның саудаласатын мәселе ретінде қарамайтыны айқын. Олай болса, S 400 жүйесінің екі тарапты да тұйыққа тірейтіні, бұл тығырықтан шықпай, қарым-қатынастарды жөнге салудың мүмкін емес екенін түсінген жөн.

Террористік ұйым YPG мәселесі Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарындағы қараңғы иірім ретінде пайда болды. YPG ұйымының соңғы кезде Сирияның солтүстігіне бағыттаған террорлық шабуылдары, Байден әкімшілігінің және Америка ұйымдарының YPG-ге бағыттаған қазіргі тұғырын ескергенде, Түрік-Америка қарым-қатынастарында S 400 жүйесі себеп болған кірбеңдікті тереңдетуі, Түркияны жаңа бір әскери қадам басуға зорлауы мүмкін. Осы тұрғыдан YPG мәселесі тактикалық жақтан АҚШ-тың Сирияда Түркиямен бөлінуінің себебі болып қана қоймай, екі жақтылы қарым-қатынастардың бағытын белгілейтін тұңғыйыққа айналды. S 400 жүйесі мәселесінде болғанындай, тараптардан біреуі тұғырын өзгертуі керек. Не Вашинтон YPG-ні кұшейтіп, Сирияның территория тұтастығын бұзатын автономиялық бір әкімшілік құрудан бас тарту арқылы Анкараның тұғырына жақындауы, немесе Түркия YPG-ға бағыттаған тұғырын өзгертіп, АҚШ-тың YPG-ны «өзгерту» саясатын мақұлдауы қажет. Қазіргі шарттарда екі әкімшілік те өз тұрғырларынан жазбағандықтан, қысқа уақытта YPG мәселесі шешімін тауып, аталмыш тығырықтан шығу мүмкін емес көрінеді.

S 400 жүйесі және террористік ұйым YPG мәселесіне қосымша ауыр болмаса да, Жерорта теңізінің шығысы тақырыбы да Түркия-АҚШ қарым-қатынастарын бұзатын түйінге жетіп отыр. Жерорта теңізінің шығысы мәселесінің Түркияның жігерін белгілейтін «Көгілдір Отан» тұғыры-Түркияның әскери, саяси, және экономикалық бейнесін қалыптастырады. АҚШ үшін бұл жағдай «шешілуге тиісті» аймақтық геосаяси бір тақырып ретінде қолға алынуда. Осы тұрғыдан АҚШ-тың Жерорта теңізінің шығысында Грекияның әскери қуатын бекемдеуге бағытталған талпынысы және Түркияның қозғалыс алаңын шектейтін қарсы саясаттары екі жақтылы қарым-қатынастарды өзге бір тұйыққа тірелуге итермелеуде. Бұл тығырықтан шығу үшін Түркияның аймақтағы геосаяси іс-шаралар көлемін тарайтуы және әскери белсенділігін азайтуы күтілуде. Анкараның «Көгілдір Отан» көлеміндегі басты мүддесін талқыға салып, келісімге келуі де мүмкін емес. Сол себепті Жерорта теңізінің шығысында болған және болатын оқиғалар екі жақтылы қарым-қатынастарда тағы бір дағдарыс алаңын жаратуы да ықтимал көрінеді.

Жоғарыда айтылғанындай, мәселесі бар алаңдарға террористік ұйым ФЕТО мәселесін, атқарылып отырған эмбарголарды және ашылған соттарды қосатын болсақ, байланыстардың текетіреске айналатынын айтуға болады. Аталмыш тұтастықтың моторы болған Конгресс мәселесі қысқа уақытта шешімін табатын бір тақырып болудан да алыс. Соңғы рет 54 сенатор қол қойған хаттың Түркия-АҚШ қарым-қатынастарын оңау тілегінен гөрі жазалау сөз сөйлемін негіз еткенін және президент Ердоғанды нысанаға алғанын ескергенде, қарым-қатынастарға көлеңке түсірген Конгресс дағдарысынан сөз қозғауға болады. Байден әкімшілігінің «Ұйымдармен бірге сыртқы саясат атқарамыз» деген бейімі қосылғанда Конгрестің сыртқы саяатта тіпті әсерлі болуы немесе Мемлекеттік хатшы Блинкеннің Конгресті өзіне жақындату үшін Түркия сияқты елдерге күтілгеннен өзгеше бір тұғыр ұстануы да ықтимал.

Түркия тақырыбында Конгрестің сыртқы саясаттың ұтымдылығын ойлаудың орнына, Америка сыртқы саясатындағы экономикалық жүйеден қарауы да осы салада Түркияның жұмысын қиындастырады және Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының барлық саласы Конгрестің көлеңкесінде қалады.

Cіздерге Қауіпсіздік зерттеу орталығының зерттермені Профессор доктор Мұрат Йешилташтың тақырыпқа байланысты бағаландыруын ұсындық.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар