Апталық Анализ 59

«Пенче-Капан 2» атты әскери операциясы жалғасуда

1582631
Апталық Анализ 59

 

 

Түркияның террор ұйымдарымен күресі әрі мемлекет ішінде, әрі шекаралас елдерде жалғасуда. Бір жағынан Түркия ішінде қалған соңғы бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерін нысанаға алса, енді бір жағынан Ирак және Сириядағы террористтерді залалсыздандыруға тырысуда. Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған соңғы мәлімдемесінде  «Пенче-Капан 2» атты әскери операциясының басталғанын хабарлады. Түрік Әуе күштері әуеден аймақты нысанаға алса, тікұшақтармен үстемдік орнатқан төбелерге  арнайы жасақтар түсіріп, ұйымға кенеттен соққы жасады.

Түркия PKK террор ұйымымен күресуде соңғы жылдарда көптеген табыстарға қол жеткізді. Әрі мемлекет ішінде, әрі шетелдерде жүргізілген операциялар арқылы әр салада террор ұйымы қысымның астына алынса, енді бір жағынан ұйымның қауіпсіз бір аймақта табан тіреп тұруы тосылуда. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе Иракта басталған «Пенче-Капан» операциялары террор ұйымына қатты соққы берді. Ұйымның белгілі жерлердегі үстемдік әлсіретілді және қауіпсіз алаңдарда құрылған басқару және жаттығу орталықтары да күйретілді. Түрік Қарулы күштері бұдан бұрынғы «кіріп шық» әскери стратегиясынан өзгеше түрде «кіріп тазалау» стратегиясын жүзеге асырды. Осылайша террор ұйымына қарсы үстемдік орнатты. Террористтердің қайтадан осы жерлерге келуін де тосты.

Ауа райының жақсаруымен бірге қатысты операциялардың соңғы қадамы ретінде Ұлттық Қорғаныс министрлігінің жариялауымен «Пенче-Капан 2» атты әскери операциясының басталғанын да аңғардық Түрік Әуе күштерінің соғыс ұшақтары аймақты бомбаның астына алса, тікұшақтар да аймаққа арнайы жасақтар түсіріп, террористтерді залалсыздандыра бастады. Сонымен қатар «ATAK» жойғыш тікұшақтары және ұшқышсыз әуе көліктері белсенді түрде міндет атқаруда. Аймақта бұдан бұрын пешмерга сарбаздары ілгерілеп, белгілі алаңдарды иелеген еді. Осы барыста ұйым мен пешмерга арасында анда-санда қақтығыстар болған. Ал енді ұйым үшін стратегиялық маңызға ие Гара аймағының тазаланғанға дейін операциялардың осы аймақта жалғасатыны баршаға аян. Қорыта айтқанда пешмерганың бұдан бұрынғы белсенділігін назарға алатын болсақ, Анкара-Эрбиль арасындағы PKK-ға қарсы координацияның жалғасқаны және бұның Түрік Қарулы күштерінің қатысты операцияларын жеңілдеткенін де айта аламыз. Енді бір жағынан Анкара-Эрбиль-Бағдат арасындағы келісім бойынша Синджарға қарай қадамдар басылуда. Осы аяда Түрік Қарулы күштері алдымыздағы айлар ішінде Гараның тысында ұйымның бақылауындағы басқа алаңдарға операцияларды жалғастырады. Осылайша Кандилге қарай бет алып, террор ұйымы әбден тұңғиыққа тірелгеннен кейін осы алаңдардағы террор ұйымын тазалау үшін операция жасайды.



Ұқсас жаңалықтар