Апталық Анализ 58

Түркия-Америка қарым-қатынастары.

1578243
Апталық Анализ 58

Америка тарихының ең жоғарғы деңгейдегі кабинетті құру нысанасымен міндетіне бастаған Джо Байден Трамп әкімшілігі кезеңімен салыстырғанда тұғырының өзгеше екенін бізге дәлелдеуде. Әрі символдық деңгейде, әрі нақтылы жүзеге асырған алғашқы жұмыстары тұрғысынан қарғанда Байденнің Трамп әкімшілігінен өзгеше бір билік ұстанымына ие екенін байқаймыз. Әсіресе кабинетті белгілеуде бұл жағдай тіпті айқын көрінуде. Трамп әкімшілігі Ақ Үйде еркек және протестанттар басым орын алған кабинетімен бұрын қалыптасқан басқару жүйесіне қарсы іске кіріскен еді. Көптеген органның күшін әлсіреткен, жоғарғы лауазымдар тағайындауда қиналған және бірдей министрлікте түрлі министрлермен жұмыс істеуде үйлесе алмаған және әсіресе сыртқы саясат тақырыптарында табысты бола алмаған Трамп әкімшілігі тілге тиек болған еді.

Байден болса бұрынғы басқару жүйесін қалыпқа түсірумен қатар алға басушы және демократиялық уәделерін жүзеге асыра отырып, кабинет тұлғалары және жоспарларымен тез қарқынды іске кірісті. Трамп әкімшілігі жоғарғы лауазым иелерін тағайындай алмай органдарды әлсіретсе, Байден мыңнан астам тағайындауды алғашқы он күн ішінде жасады. Бұл жаңалықтар Джо Байденнің жұмысқа мұқиятты қарағанын көрсетуде. Медиа қолдауына ие болған Байден алғашқы 100 күнді сәтті өткізетін сияқты. 

Байденнің сыртқы саясат командаларының болса көптеген аймақтық және жаһандық тақырыптарға қатты көңіл бөлетіндері өте маңызды. Әсіресе АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен ұзақ жылдан бері бірге жұмыс істеуі, Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливанның Блинкенмен жақын байланысының болуы және Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің де Байденнің таныс бір әскер болуы жұмысты оңайластырады. Осы тұлғалардың басқаруындағы бір сыртқы саясат түсінігінен гөрі жұмыс істейтін саясат қайраткер болуы тіпті маңызды. Байденнің сыртқы саясат саласында өзінің тәжірибесін де қосқанда командасымен үйлесімді жұмыс істейтіні шайдай ашық. Осы түйінде Байден мен командасының сыртқы саясат тақырыбында Түркиямен қарым-қатынастарының қалай болатыны табиғи түрде бір сұрақ ретінде туылуда.

Алдымен Байденнің сыртқы саясат командасының Түркиямен қатысты тақырыптарды өте жақсы білетіні байқалуда. Ресей, Сирия, Шығыс Жерорта теңізі, НАТО, S-400 және Иран басты күн тәртіпте орын алуда. Осы тұлғалар Түркия қарым-қатынастарымен байланысты әлі «сыңар жақты» көзқарас ретінде бір мәлімдеме жасаған жоқ. Тіпті осы тұлғалардың осы таңға дейін Түркиямен байланысты мәлімдемелерінде дауыстары және қимылдарының егжей-тегжейіне қаралғанда АҚШ-тың сыртқы саясаттарын мақұлдаған және НАТО одақтастарымен бірге жұмыс істегісі келген бір түсініктің басым екені баршаға аян. 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін  Байденмен бірге Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне де келген Блинкеннің 2017 жылы Трампқа YPG-ні қаруландыру керектігі жайлы мағлұмат бергенін бәріміз білеміз.

Конгрестегі сессияда Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін алу тақырыбында «қабылдауға болмайды» деген Блинкеннің даусы Түркияға қарсы деген түсінікке себеп болды. Бірдей сессияда Түркияға «ауыз жүзінде» бір одақтастық деп айтуы да Түркиямен байланысты болымсыздық көзқарастың шет жағасын көрсетуде. Алайда тағы да Блинкеннің әлі де Түркия сыртқы істер министрімен байланыс жасауы Вашингтон шебінде абайлап тұғыр ұстанғаны сезілуде. Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливанның да еуропалық әріптестерімен өткізген кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде Түркияны Еуропамен бірге жұмыс істегенде «ортақ алаң туғызатын» мәселе ретінде Қытаймен бірдей қарауы болымсыз көзқарастың бір дәлелі болды. Энтони Блинкен мен Ибрахим Калын арасында өткізілген соңғы телефон әңгімелерін де әлі бұл суық тұғырдың жалғасқанын көрудеміз.

Қазірше Түркиямен өте жақындаспаған және суық сөздер қолданған сыртқы саясат командасының Сирия, YPG, S-400, FETÖ, Жерорта теңізінің шығысы, Ливия секілді мәселелерде нақтылы түрде Байденнің сыртқы саясаттарын атқаратындары түсінікті жағдай. Алайда Байден әкімшілігінің Түркия-Америка қарым-қатынастарындағы сезгір алаңдардың басқаруында байсалды тұғыр ұстанбайтыны қазірдің өзінде анық болды. Байден әкімшілігі Обама және Трамп әкімшілігі кезеңдерінде қалыптасқан белгісіздік және стратегия емес бір сыртқы саясат ұстанатын болса, онда екі ел қарым-қатынастарының қалыпқа түсуі де мүмкін емес сияқты.

 



Ұқсас жаңалықтар