Апталық Анализ 57

Түркияның Синджар аймағындағы ықпалы.

1573660
Апталық Анализ 57

 

Синджар аймағы ДАИШ-пен күресу барысында  PKK террор ұйымы тарапынан басып алынды. Сондай-ақ PKK террор ұйымы осы аймақты Ирак-Сирия желісінде маңызды бір логистика орталығы ретінде қолданған. Ұйымның аймақтағы болмысы Түркия тұрғысынан үлкен бір қауіп болып табылады. Соңғы кезеңде ұйымның аймақтан шығарылуында маңызды жаңалықтар да байқалды.

Иракта Түркия-Сирия шекарасы қиылысқан түйінде стратегиялық маңызға ие Синджар өңірі ұзақ жылдан бері Бағдат пен Эрбиль арасында бөлісе алмаған аймақ ретінде күн тәртіптен түспей келеді. Аймақта Езидтердің өмір сүруі барша әлем де аймаққа назарын аударды. Алайда 2014 жылы ДАИШ террор ұйымы аймақтағы Езидтерді нысанаға алып қырғын жасады. Одан кейін PKK-ның осы былықпадан пайдаланып, аймақта лаңкестік жасауы Түркияның да террормен күресу тұрғысынан аймаққа көңіл бөлуіне апарып соқты. Террор ұйымы PKK әрі аймақтың географиялық орнынан пайдаланып, Ирак-Сирия желісінде маңызды бір логистикалық орталығын бақылау астына алды. Әрі аймақта өмір сүрген Езидтерді қорқытып, өздерінің мүдделері үшін қызмет еткізді. PKK аймақта тәуелсіз бір әкімшілік құруға талпынды және сонымен қатар Езидтерден құралған қарулы YBŞ сарбаздарымен бірге үстемдігін арттыруға тырысты. Бірақ алдымен Ирак күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты пешмергамен соғысуға мәжбүр болды. Одан кейін Түркияның арт-артынан жүргізген әуе операциялары PKK-ны аймақта әлсірете бастады. Сонымен бірге Түркия Ұлттық барлау ұйымы арқылы аймақтағы PKK террор ұйымы басшыларын бірте-бірте залалсыздандырды.

Осы процесте Езидтер де белгілі деңгейде PKK-ға қарсы тұғыр ұстанды. PKK-ның аймақтан шығуы үшін қысымдар жасалды. Осының нәтижесінде Түркияның талаптары бойынша Бағдат пен Эрбиль арасында PKK және Хашди Шааби сынды басқа қарулы топтардың аймақтан түбегейлі шығарылуы жайлы бір келісім жасалды. Орталық Ирак армиясының аймаққа кіруімен PKK-ға қарасты күштер кейбір аймақтан шегінді. Алайда ұйымның Синджар ауылдарындағы ықпалы әлі жалғасуда. Түркия Ирак армиясының аймақты толыққанды түрде бақылау астына алу жағында. Осы үшін әртүрлі жәрдем беруге дайын екені білдірілді. Егер қысқа мерзімде ойдағыдай қадам басылмаса, онда бір жақтылы бір операцияның жасалуы да мүмкін.

Қорыта айтқанда Түркия тұрғысынан Синджардың террор ұйымы PKK-дан тазалануы ұйымның Ирак-Сирия желісіндегі ықпалының азаюы деген сөз. Өткен апта түрік қорғаныс министрі Хулуси Акардың Бағдат пен Эрбиль сапарында да террормен күресу және Синджар тақырыбы күн тәртіпте келген еді.



Ұқсас жаңалықтар