Апталық Анализ 56

Байденнің сыртқы саясатында төрт маңызды тақырып бар.

1569529
Апталық Анализ 56

20 қаңтардан бастап, Джо Байден Америка Құрама Штаттарының 46-шы президенті ретінде міндетін бастады. Байден соңғы 70 жылдағы ең көп дауыспен президент болып сайланған демократтар үміткері ретінде  тарихқа жазылды.

Өткен жылғы қараша айынан биылғы қаңтар айына дейінгі процесс межеленгеніндей былықпалыққа  толы өтті. Трамптың президенттікті оңай тапсырып бермейтіні межеленген.  Алайда оқиғалардың осыншалық асқынатынын ешкім болжай алмады. 6 қаңтарда Америка тарихында алғаш рет үлкен оқиға болды. Трамп жақтаушылары Конгресс ғимаратына шабуыл жасады. Қанды шабуылда 4 кісі қаза тапты. АҚШ-тың барша әлемнің алдындағы абыройы айрандай төгілді. Қанды оқиғадан кейін Трампқа қарсы екінші мәрте міндетінен кетуі үшін дауыс берілді. АҚШ-тың астанасы Вашингтон Ирактың астанасы Бағдатта көзіміз үйренген көріністерге сахна болды. 2 миллион  5 мыңнан астам Америка әскері астана көшелерінде тосқауыл жасап, Конгресс ғимаратында қауіпсіздікті сақтау міндетін атқарды. Осы жағдайлармен бірге АҚШ-та коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны бір күнде 4 мыңнан асты. Байденнің былыққан бір елді тапсырып алғанын айту қателік болмас. Олай болса, Байден қандай бір Америка құрғысы келеді?

Бұл сұраққа Байден және командасының жауабы айқын. Байден «Американың бұрынғы бейнесіне оралғанын» жариялады. Бұл жауап көптеген адам тарапынан Байденнің ішкі және сыртқы саясат тұғырын толық бейнелеген бір тұжырымы деп қабылданды.

«Американың қайтып келуі» деген сөз не мағынаны білдіреді? Байденнің сыртқы саясат шеңберін түсіндірген бұл тұғырдың алғашқы бейнесін Америка лидерлігінің қайтадан қалыптасуы құрауда. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ жаһандық жүйеге лидерлік етпесе, онда осы олқылықтарды басқа күштердің толтыратынын және бұл жағдайдың  халықаралық жүйеде тұрақсыздыққа апарып соғатынын алға тартуда. Байденнің сыртқы саясатында төрт маңызды тақырып бар. Байден сыртқы саясатта алдымен Америка лидерлігін қайтадан қалпына келтіру үшін атсалысуға мәжбүр екенін біледі. Бұл лидерліктің екі маңызды бөлімі тілге тиек болуда. Біреуі АҚШ-тың айрылған абыройын қайтадан тіктеу. Енді бірі болса, Қытай және Ресей алдында күшті лидерлік орнын қайтадан қалыптастыру.

Байденнің екінші маңызды тақырыбы  халықаралық ұйымдардың маңыздылығын қайтадан арттыру. Трамп кезеңінде АҚШ-тың Еуропа Одағы, НАТО, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы сынды халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары  нашарлады. Байденнің сыртқы саясатының басты тұғыры халықаралық ұйымдарды қайтадан күшейтіп, Америка лидерлігінің осы ұйымдарға күшті ықпалын орнату. Осы аяда көп жақтылықтың Байден кезеңінде Америка сыртқы саясатында маңызды орын алатынын айтуға болады.

Байденнің үшінші маңызды тақырыбы болса, жаһандық экономикада Америка лидерлігін қайтадан орнату маңыздылығын қайтадан арттыру. Трамп кезеңінде АҚШ-тың Еуропа Одағы, НАТО, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы сынды халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары  нашарлады. Байденнің сыртқы саясатының басты тұғыры халықаралық ұйымдарды қайтадан күшейтіп, Америка лидерлігінің осы ұйымдарға күшті ықпалын орнату. Осы аяда көп жақтылықтың Байден кезеңінде Америка сыртқы саясатында маңызды орын алатынын айтуға болады.

Байденнің үшінші маңызды тақырыбы болса, жаһандық экономикада Америка лидерлігін қайтадан орнату үшін бірқатар реттеу жасау. Бұл түйінде Трамп кезеңінде АҚШ-Қытай сауда соғыстарын еске алу керек. Байденнің Қытайға бір бәсекелес ретінде қарайтыны өте айқын. Алайда Қытайды Трамп немесе Республиликашылдар сияқты қарамауда. Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы болған Сулливан «Қытаймен бірге өмір сүру» әдістемесі сыртқы саясаттағы негізгі ұстаным екенін айтуы Байденнің Қытаймен ұрыс-қағыстан гөрі онымен ымыраласа отырып, Қытайды өзіне қарату бағытында бір саясат ұстанатынын көрсетуде. Бірақ Байденнің экономикамен байланысты мәселесі тек Қытаймен ғана шектеулі емес.

Коронавирус індеті салдарынан болған экономикалық жағдай Байденнің экономикалық саясатының күн тәртібінде басты орынды иелейтіні  белгілі.

Байденнің төртінші маңызды тақырыбы болса, халықаралық құқыққа және қағидаларға негізделген либералдық жүйені қайтадан орнату. Осы аяда халықаралық нормаларын қайтадан қалпына келтіріп, Америка лидерлігіндегі абыройды тіктейтін бір саясат атқаратынын мөлшерлеуге болады. АҚШ-тың жаһандық жүйені бекемдейтін жаһандық қағидарлар арқылы қайтадан реттеулер жасауына тура келеді. Сондықтан АҚШ тіпті көп одақтасқа мұқтаж.

Осы төрт тақырып АҚШ-тың халықаралық жүйеге қайтуын қамтамасыз ете ала ма? деген мәселе өте маңызды. Байденнің Трамптан қалған былыққан елі және әлем саясатының өзгерген ерекшеліктері жоспарларын жүзеге асыруының тым оңай болмайтынын көрсетіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар