Апталық Анализ  53

Жаңа типті коронавирус індеті және Түркияның осы індетпен күресі.

1555914
Апталық Анализ  53

 

 

 

2020 жылы барша адам баласы үшін өте қиын бір жыл десек артық болмас. Әсіресе Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет байқалған жаңа типті коронавируc (Ковид-19) індеті  әлемнің әр жеріне таралумен қатар экономика, саяси және әлеуметтік жақтан барша әлемді дүр сілкіндірді. Түркия да табиғи түрде осы індеттің зардабын шекті. Әлемнің көптеген аймағында қақтығыстар жалғасқан кезде, тұрақсыздықтар және табиғи апаттар да болып жатты. Қазір Ковид-19 эпидемиясына қарсы дамытылған вакцинамен бірге 2021 жылына үлкен үмітпен қараудамыз. Алайда белгісіздік әлі жалғасуда.

2020 жылының басында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет байқалған және «Ковид-19» деп аталған жаңа типті коронавирус індеті әлемнің барлық елдеріне тарала бастады. Бұдан бұрынғы корона типті вирустан өзгеше түрде адамдарға тез жұққан бұл вирус ақырын-ақырын бір пандемияға айналды. Сондай-ақ барша әлемге ықпал жасады. Аурулар таралған сайын және адамдардың қайтыс болу саны көбейген сайын үрей тудырды. Адамдың тұрмыс-тіршілігіне тікелей зиян тигізді. Маска тағу және әлеуметтік қашықтық режимі атқарылды. Анда-санда карантин  шаралары күшейтілді. Әрине әлемдегі елдердің әсіресе медициналық жүйелері де осы барыста сыналды. Осы тұрғыдан алғанда әлемде бұл сынақтан жақсы өткен елдер некен-саяқ.  Осы қиын сынақтан өткен елдің біреуі де Түркия болды. Соңғы жылдарда медициналық жүйелеріне жасалған инвестициялар және жаңа салынған қала ауруханалары және жергілікті мүмкіншіліктерімен өндірілген тыныс алу жабдықтарының арқасында Түркия басқа елдермен салыстырғанда осы процесте тіпті аз шығынға тап болды. Алайда жаһандық пандемияның ықпалдары әлемде болғандай әсіресе  экономика саласында Түркия да ықпал көрді.

Пандемияның саяси, экономика және әлеуметтік ықпалына ең көп ұшыраған елдің басында АҚШ орын алды. Процестің жаман басқарылуының кесірінен миллиондаған адам вирус жұқтырса, 300 мыңнан астам адам көз жұмды. Он миллиондаған адам жұмыссыз қалды. АҚШ-та жалғасқан президенттік сайлау бәсекесіне тікелей әсерін тигізіп, Дональд Трамптың Джо Байденге жеңілуіне себеп болды.

Батыс елдеріндегі жағдай да қиын. Италия, Испания, Франция және Ұлыбритания сынды батыс елдері де процесті жақсы басқара алмады. Осы елдер әлемнің басқа елдерінен тіпті көп шығынға ұшырады. Әсіресе Қиыр Шығыс елдерінің басқа елдермен салыстырғанда тіпті жақсы ентихан бергенін айтуға болады. Қытай вирустың тараған жері болуына қарамастан, вирустың таралуын тез тізгіндеп алды. Корея және Вьетнам сияқты елдер де көп шығынға ұшырамады және процесті жақсы басқарды. Көптеген маман батыс және шығыс елдерінің пандемиямен күресуде қатты атсалысқанын, Қиыр Шығыстың Батыс әлемімен салыстырған тіпті көп табысқа қол жеткізгенін дәлелдеуде.

Бұл шындық болуы мүмкін. Адамдардың тұрмыс-тіршілігі қатты ықпал жасаған болуы да мүмкін. Пандемияның батыс әлеміндегі зардаптары шығыс әлемімен салыстырғанда тіпті тез қанат жаятыны бір шындық.



Ұқсас жаңалықтар