Апталық Анализ 52

АҚШ-тың Түркияға жасаған санкциялары.

1552197
Апталық Анализ 52

 


     

Соңғы жылдарда Түркия-Америка арасындағы дағдарыстар арт-артынан туылуда.  Енді екі ел қарым-қатынастарында жаңа бір дағдарыс болды. Бұл дағдарыстың аты «CAATSA» санкциялары. Ұзақ уақыттан бері күтілген, алайда қалай атқарылатыны жайлы АҚШ әкімшілігінің де шешім бере алмаған санкциялар Трамптың міндеттен кетуіне бір ай қалғанда жүзеге асырылды. Кейбіреулер бұның бір ескерту мағынада екенін айтса, кейбіреулер санкциялардың күтілгеннен тіпті жеңіл болғанын алға тартуда. 

Бұл санкцияны түсіну үшін мәтіннің тіліне, техникалық ерекшеліктеріне және геосаясат жағына үңіліп қарағанымыз жөн. Мәтіннің тілінің өте мұқиятты қолданылғаны шайдай ашық. АҚШ Түркияның НАТО тұрғысынан алғанда маңызды екенін түсіндірсе, одақтас сөзіне назар аударған бір тілді ұнатқан. Енді бір жағынан санкциялардың Түркияның әскери деңгейін нысанаға алмаған бір тұғыр тілге тиек болуда.

Мәтіннің алғашқы мағынасынан түсінгеніміздей санция тек Қорғаныс өнеркәсібі министрлігіне қаратылған. Техникалық жақтан санкцияның Министрлік ішінде орын алған жобалар болғаны байқалуда. Сондықтан бұл жерде Түркия да, түрік экономикасы да  әрі түрік армиясы да  нысанаға алынған жоқ.

Мәтінді былай қойғанда санкция шешімін екі тұрғыдан қолға алуға болады. Біріншісі, АҚШ тұрғысынан санкцияның жалғастыруға болатын бір құрал ретінде Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына көлеңке түсіру немесе түсірмеу  тақырыбы. Түркия мен Сирияда PKK-YPG, FETÖ және көптеген геосаяси тақырыпта ортақ түсініктен шалғай кетіп, стратегиялық бір бөлінуге қарай бет алған кезде санкция шешімінің қазіргі айырмашылықтарды тіпті де ушықтыруы Вашингтонды бір тұңғиыққа апарып соғуы мүмкін. Байден әкімшілігінің сыртқы саясат ұстанымдары арасында орын алған тақырыптардың Түркиямен болған байланысы санкцияның жалғастыруына және атқарылуына көп шығын әкеледі.  Америка лидерлігін қорғауға тырысатын жаңа сыртқы саясат командасының маңызды сыртқы саясат тақырыптарында Түркия сынды бір елмен болған қарым-қатынастарын қайтадан қолға алуға тура келеді.

Ең маңызды тақырып болса, санкция жасалатын түрік қорғаныс стратегияларындағы бетбұрыс. Түркияның Еуропа-Батыс қорғаныс тобынан шығарылуы Түркия үшін басқа бір қорғаныс тобына кіруіне мүмкіндік жасалады. Осындай бір жағдайдың сөзсіз түрде геосаяси нәтижелері болады. Сондықтан Байден әкімшілігінің санкция шығыны мен санкциядан туындайтын геосаяси шығыны арасында бір тепе-теңдік табуға тырысатынын айта аламыз.

Түркия болса АҚШ тарапынан санкция жасалуына орай қорғаныс өнеркәсібіндегі қазірді динамикаларды көздей отырып, бір жоспар жасайды. Зат және жабдықтармен қамтамасыз ететін жұмыстарды қайтадан ұйымдастыру бұлардың басында орын алуда. Альтернатива зат және жабдықтармен қамтамасыз ететін орындарды әрқашан құруға болады. Бірақ көп уақыт алады. Сондықтан санкция шешімінің зат және жабдықтармен қамтамасыз ететін орындардың қаншалықты ықпал көретінін анықтау керек. Екіншісі болса, басты жүйе және платформалардың Түркияның ішінде болған қауіп-қатерді қосып және қазіргі әскери ангажмандарды ойлай отырып ұйымдастыру тақырыбы. Сондықтан әскери стратегия мен қорғаныс стратегияны бірлестіретін бір түсінік қалыптастыру абзал. Стратегиялық маңызы жоғары алаңдардың жергілікті мүмкіншіліктермен де «Батыстан тыс қорғаныс индустриясымен» жүргізілуі Түркия үшін қазіргі ең сенімді бір жол болып табылады. Ең соңғысы, қорғаныс өнеркәсібінің саяси-экономиканың осы таңдарда ең көп назар аударуға тиісті орын екені айқын. «Қорғаныс» деп аталған бүл түсінік әслінде алдымен әскери күшімізді арттыруға бағытталатын бір қарулану процесі. Қаруланудың да тек «қару иесі болудан» гөрі тіпті терең мағынасы бар. Бұл да бізді қорғаныс экономикасына шоғырлануымызға апарып соғады.



Ұқсас жаңалықтар